ffin.kz

«Бұлбұл торғай» амалы

«Бұлбұл торғай» амалы otkritkis.com

«Молшылықтың басы – жаз, жаздың басы – Саратан...». Қазекең бұрын көктемнің басын маусым айынан есептеген


«Бұлбұл торғай» жаз басында болатын алғашқы амал. Жаз торғайының келуіне байланысты осылай аталуы мүмкін. Бұрынғы кезде көктемнің басын маусым айынан есептеген. Себебі, алыстан келетін құстар осы мезгілде түгел келіп болады екен. Қазақта «жыл құсындай» деген сөз тіркесі бар. Классик жазушымыз Мұхтар Әуезов осы тамаша тіркесті жиі қолданған. Қазақ әдебиетіне жастар лек-легімен келе бастағанда «бұл өзі жыл құсындай жаңалық болды» деп қуана жазған еді.


Маусым айында амал көп-ақ. Солардың бірі өткен пайымымызда сөз еткен – «Үркердің батуы». Маусым айы басталысымен Үркер мүлде көрінбей кетеді. Ауа жыли бастайды. Халқымыздың «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» деген қанатты сөзі осыны меңзейді. Үркердің көрінбеуін бұрынғылар «Үркердің жерге түсуі» деп те атайды. Осы амал төңірегінде қазақтың әр өңірінде әртүрлі нұсқа бар.



«Әләкүлік» амалы. Түйелер бұл кезде ағаш жапырағын жегенде байқаусызда жапырақ астындағы «әләкүлік» деген құртты жеп қояды да жардай болып семіріп, жүріптұруы қиындайды, кейде өліп қалады, сондықтан малшылар бұл кезде түйелерді әләкүлік құрты қонбайтын төменірек жерге бағады.



Қазақтар осы амалдардың бәрінен қауіптеніп, үнемі сақтанып, қамданып отырған. «Молшылықтың басы – жаз, Жаздың басы – Саратан...».Халқымыздың аузында жүрген осындай жыр жолдары бар. Демек, жаздың бір атауы осы болса керек. Жаңа туған айдың төртінші жаңасын көрдік. Жаздың алғашқы айының туысы көңілді қуантты. Ұшын тіктеп, еңсесін көтеріп тұр.


Маусым мамыражай болып, шаруаға да, мал-жанға да жайлы болатын сыңайлы. Қазақы пайымның бұл болжамын синоптиктер де жоққа шығарып отырған жоқ. «Жаздың алғашқы айы – маусым республиканың басым бөлігінде ыстық болады деп күтіледі, орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында норма шамасында болжанады (норма: республиканың бас ым бөлігінде + 18+ 23°С, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында +24+28°С, республиканың оңтүстік-шығыс, шығысындағы таулы аймақтарында +7+17°С)» деп мәлімдеді


«Қазгидромет». Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары (18 мамыр, 2023 ж.). Қазақта «Үркер шалшыққа батса, жаз жаңбырлы болады, Үркер құрғақ жерге түссе, аңызақ жел көп болып, қуаңшылық болады, Үркер тасқа түссе, шіліңгір қатты ыстық болады деген, т.б. нақты болжамдар бар. Биыл Үркер тасқа түсетін секілді...


Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, маусымның 1-і. Ай жүйесі есебінше, айдың 9-шы жаңас ы . Қазақша, маусым енді 9 күннен кейін басталады. Апта айдың басы мен ортасын қамтып тұр. Бұл осы мерзімде ауа райының сәл де болса тұрақты болатынының белгісі болса керек. Осы аптада ай толады. Адамдардың оның нұрынан сақтанғаны абзал. Осы төңіректе бабаларымыз айтқан бірқатар төмендегідей тыйылым бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40