AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бүйрегін сатпақ болған қазақстандық Алматы әуежайы...

Бүйрегін сатпақ болған қазақстандық Алматы әуежайында ұсталды

Заң мен тəртіп 31.07.2023, 12:20 1,058
Бүйрегін сатпақ болған қазақстандық Алматы әуежайында ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Елімізде дене мүшесін сатуға рұқсат жоқ. 


33 жастағы оралдық азамат шетелге өз бүйрегін сатпақ болған. Ол отаны Кения Республикасында жасауға келіскен,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz-тің ақпараты бойынша, оралдық азамат отаны Кения Республикасында жасату бойынша мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.


Анықтау барысында Орал қаласының 33 жастағы А. есімді тұрғыны, отбасылы азамат вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты ол өзінің бүйрегін сатпақ болған. Мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта жарияланған ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған бүйректі сату туралы хабарландыруды көрген. Оған Telegram каналы арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 мың АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен.


2 ай бойы А. есімді азамат медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Telegram каналы арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген.


30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Айта кету керек, Қазақстанда органдарды сатуға тыйым салынады және трансплантациялау жасаудың жалғыз жолы — оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бүйрегін сату #оқиға #орган
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Кеше 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Кеше 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Кеше 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Кеше 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Кеше 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);