AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Бұғының мойын жуары»

«Бұғының мойын жуары»

Керек кеңес 20.10.2022, 04:01 2,328 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
«Бұғының мойын жуары»
baikalskazka.ru

«Бұғылар үйірге ерте түссе, қыс аяғы созылмайды, кеш түссе қыс созылыңқы болады» деген болжам бар


«Бұғының мойын жуары» бүгіннен басталып, қазан айының 25-іне дейін созылады. Осы мезгілде бұғының түгі түсіп, мойны жуандап семіреді, адамның көзін тартатындай сұлу күйге енеді. Бұғының осы өзгерістеріне негізделіп бұл мезгілді бабаларымыз "бұғының мойын жуары" деп атаса керек. Кей деректерде «бұғының мойын жуары бұғының тау басындағы қарға мойынын сүйкеп жуғанын меңзейді» дейді. Сонымен қатар, осы мезгілдің «Бұғының мойын жуандауы» деген де атауы да бар екенін ұмытпаған мақұл.


Осы кезде бұғылар үйірге түсуге жарай бастайды. Амал жүріп жатқан кезде тау тоғайларында, өзен, көл жағалауларындағы ашық алаңқайларда бұғылардың үйірге түсер алдындағы майданы өтеді. Ең мықтысы ғана үйірге түседі. Өзара шайқасуынан немесе тастарға соғылуынан мүйіздері сынады, аңшылар мен малшылар орман-тоғайға барып бұғы мүйіздерін теретін болған.



Қазекең бұғының үйірге түсуіне ерекше көңіл бөлген. Соған қарап ауа райына болжамдар жасаған: егер бұғылар үйірге ерте түссе, қыс аяғы созылмайды, үйірге кеш түссе, қыс аяғы созылады деп пайым жасаған. Қасқырдың ұйығуы, иттің түлеуі сияқты көріністерге де көңіл бөлген. Ит балағынан түлесе ойдың қысы болады, жонынан түлесе таудың қысы болады деп пайымдаған. Әрине, болжамдары айна- қатесіз келіп отырған.



Өткен пайымымызда алматылықтарға жылы киінуге әлі ерте деп жазғанбыз. Бұлай деп батыл айтуымызға айдың алшысынан тууы себеп болған еді. Сол айтқанымыз шетінен келіп жатыр. Бір-екі күнгі салқындық болмаса, күн әлі суыта қойған жоқ. Шыбын-шіркейлер, өзге де дала жәндіктері жаздағыдай тіршіліктерін жасап жатыр. Күздің шуақты болатынын, ұзаққа созылатынын осы көріністен-ақ аңғаруға болатын сияқты.


Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, қазанның – 20-сы, ай жүйесіне сүйенер болсақ, – 24-і, қазақша айдың – 10-ы.


Жоғарыда айтқанымыздай, «Бұғының мойын жуары» амалы жүріп жатқандықтан, Алматыда алдағы аптада жылы күндер аракідік жалғасын таба береді, бірақ қатары сирексиді. Жаңбыр мен қар көрініс береді. Бұған қарап күз бітті деуге келмейді, аспан ашық, күн жайдары, шуақты сәттер әлі бар алда...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Ауарайы #пайым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);