14 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сейсенбі күні Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.