Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел көтеріліп,...

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел көтеріліп, жаңбыр жауады

Керек кеңес 02.07.2022, 04:00 1,966
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел көтеріліп, жаңбыр жауады
Сурет: Ult.kz

Бүгін, 2 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Синоптиктер Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды болжауда. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады.



«Бүгін Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының да солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с», - деп жазды ведомстводан.



Күндіз 2 шілдеде Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15 м/с. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары қауіптіктің төтенше деңгейі күтіледі. Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. «Қазгидромет» мамандары 3 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай ойнайтынын хабарлады.


2-3 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, 2 шілдеде таулы аудандарда, 3 шілдеде күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі. 3 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін. Тараз қаласында осы күні 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.


1-2 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысына тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, Айта кетейік, Қызылорда облысының – Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының – Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысының – Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жел #Қазгидромет #өрт қаупі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика