AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Білім және ғылым Бүгін 16:57 43 Сұлу
Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
gov.kz

10 мамырда Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды. Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

74 пайызы қазақ тілінде өтеді

Тестілеуге қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Екі мүмкіндік ескерілгенде, 446 мыңнан аса өтініш қабылданды. Оның ішінде ҰБТ тапсырушылардың 74 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, шамамен 26 пайызы орыс тілінде, 851 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған.

"Өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және өткізу пунктін өздері таңдады. ҰБТ-ның алғашқы күні ел бойынша 926 адам тест тапсырып жатыр, оның ішінде Астанада 359 талапкер бар. Жалпы ҰБТ 45 тестілеу пунктінде ұйымдастырылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Нұрсейіт Байжанов.

Ең танымал пәндер

Байжановтың айтуынша, бірнеше жылдан бері талапкерлер арасында ең танымал бейіндік пәндер - "Математика-Физика". Бұл бағытты талапкерлердің 17,9 пайызы таңдаған. Бұл жастардың инженер, мұғалім, энергетик, құрылысшы және басқа да техникалық мамандықтарға қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Одан кейін "Биология-Химия" тұр. Оны талапкерлердің 14,5 пайызы таңдаған. Бұл бағыт негізінен болашақ медицина мамандарына арналған. Ал "Шығармашылық емтиханды" 12,4 пайыз талапкер таңдаған. Бұл шығармашылық салаға қызығатын жастар арасында сұранысқа ие.

ҰБТ қандай форматта өтеді?

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және өз таңдауы бойынша екі бейіндік пән тапсырады. Тапсырмалардың жалпы саны өзгермейді және 120 болады. Оның ішінде 20 тапсырма "Қазақстан тарихы" пәніне, 10 тапсырмадан "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылыққа", сондай-ақ, әрбір екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ-ның ең жоғары мүмкін нәтижесі - 140 балл.

Емтиханға қанша уақыт беріледі?

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталады.

Тест тапсырушыларға не қолжетімді болады?

Негізгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін қаңтар және наурыздағы тестілеуден өткен талапкерлерге әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылды. Яғни, әрбір ҰБТ-дан кейін түлектердің дайындалып, әлсіз тақырыптарын пысықтауға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ, бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін оларда екінші тестілеуге дайындықтарын жақсартуға уақыт болады.

Дайындық деңгейін бағалау және емтихан форматына бейімделу үшін сынақ тестілеуінен өту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының сайтында мыналар орналастырылған: тапсырмалар құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест спецификациясы; Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша 100 тарихи дата тізімі; информатика бойынша терминдер тізімі; қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығармалар тізімі.

Емтихан кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар, талапкерлерге ыңғайлы болу үшін кестелердің қағаз нұсқалары да беріледі.

Апелляцияға қалай өтініш беруге болады?

Талапкердің жеке кабинетінде Республикалық апелляциялық комиссия отырысының мерзімі көрсетіледі. Республикалық апелляциялық комиссия отырысы басталғанға дейін апелляция өтінішін жеке кабинетінде қайтарып алу мүмкіндігі бар. Апелляция өтінішін қайтарып алғаннан кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде бір жұмыс күні ішінде қолжетімді болады.

Шекті балдар

Оқуға түсу үшін минимал шекті балдар бұрынғы деңгейде қалады. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсудің шекті балы – 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – 75 балл.

Бұл ретте Қазақстан тарихы және екі бейіндік ҰБТ пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша – кемінде 3 балл.

Сондай-ақ, ЖОО-лар білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алады.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тестілеуге кіреберісте тыйым салынған заттарды, мысалы, телефондарды, шпаргалкаларды және т.б. алып кіруге жол бермеу үшін қол және рамалық металл іздегіштер қолданылады.

Тестілеу аудиторияларында рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектронды байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады, сондай-ақ бейнебақылау жүргізіледі.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін, 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері (сондай-ақ грант иегері атанған жағдайда білім беру грант куәлігі) жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #тест #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);