Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін қай өңірлерге ауа райына байланысты ескерту...

Бүгін қай өңірлерге ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Әлеумет Бүгін 08:35 34
Бүгін қай өңірлерге ауа райына байланысты ескерту жасалды?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елдің басым бөлігіне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр. Облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, найзағай, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Қонаевта кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 17 сәуірде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Ақтауда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскеменде таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жауын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Сөз өнеріндегі өлкетану»: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың екінші күні

Бүгін 10:05

«Болашақ» стипендиаттарының айыппұлы артуы мүмкін

Бүгін 09:40

Сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелер енгізілді

Бүгін 09:20

Тоқаев Түркияға барады

Бүгін 09:01

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Кеше 22:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика