AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді баст...

Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді бастады

Әлеумет 09.07.2022, 04:14 1,417
Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді бастады
Сурет: Halykline.kz

Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгін басталған Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне қарағанда Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілген.


Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Ал 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді.


Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн. Сондай-ақ, мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады.


Айта кетейік, әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес өңірлердегі бас имамдар Құрбан айт мейрамына орай брифинг өткізіп, БАҚ арқылы халыққа аталған мерекенің мән-жайын кеңінен түсіндірді.


Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу.


Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар. Осы орайда қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады.


Одан бөлек, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынып отыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрбан айт #Арапа күні #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика