AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Бүгін - Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні

Бүгін - Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні

Медицина 17.05.2024, 09:59 840 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Бүгін - Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні
almaty-akshamy.kz

Дүние жүзі бойынша жыл сайын 17 мамырда атап өтілетін гипертониямен күрес күні жоғары қан қысымын бақылау мен алдын алудың маңыздылығына назар аударайық. 

Гипертония - бұл симптомдары байқалмайтын, бірақ инфаркт пен инсульт сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіпті сырқат.

Есіңізде болсын, әрқайсымыз өз денсаулығымызды қорғау қадамдарын жасай аламыз, олар:

  •  қан қысымын бақылау;
  • жеміс, көкөністерге және дәнді дақылдарға бай пайдалы тағамдарды тұтыну;
  • үнемі дене шынықтырумен шұғылдану;
  • тұз бен алкогольді тұтынуды шектеу;
  • темекі шегуден аулақ болу және стрессті басқару.

 

«Қан қысымын өлшеу - бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығын бақылаудың маңызды процедурасы», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Наталия Гордина.  

Дәрігердің айтуынша, нақты нәтиже алу үшін келесі ережелерді сақтау керек.

Өлшеуге дайындық:  
 - артқы тірегі бар ыңғайлы орындықта отырып, тыныш ортада қан қысымын өлшеңіз;
  ​- жаттығудан, стрестік жағдайлардан, темекі шегуден, кофеиннен немесе тамақтан кейін бірден қысымды өлшемеңіз кем дегенде 30 минут күтіңіз;
  ​- өлшеу алдында дәретханаға барыңыз, өйткені толық қуық нәтижеге әсер етуі мүмкін.
  ​- тік отырыңыз, аяғыңызды айқастырмаңыз немесе көтермеңіз.
  ​- қан қысымы өлшенетін қол босаңсып, үстелге жүрек деңгейінде орналасуы керек.

Өлшеу процесі:
 ​ - қолыңыздың өлшеміне сәйкес келетін дұрыс манжетті қолданыңыз сәйкес емес манжет қате нәтиже беруі мүмкін;
 ​ - шынтақ бүктемесінен шамамен 2-3 см шегініп, манжетті иыққа сырғытыңыз;
  ​- манжет қолыңызға тығыз орналасуы керек, бірақ тым тығыз болмауы керек;
  ​- өлшеу кезінде қозғалмаңыз немесе сөйлемеңіз.

Өлшеу жиілігі:
 ​ - дәлдік үшін қысымды 1-2 минут аралықпен бірнеше рет өлшеп, орташа мәнді есептеңіз;
  ​- динамиканы бақылау үшін күн сайын бір уақытта өлшеңіз.

Жазбаларды жүргізу:
  ​- әр өлшемнің нәтижелерін күнді, уақытты және кез-келген ескертулерді жазыңыз (мысалы: өлшеу алдында сіз спортпен шұғылдандыңыз немесе күйзеліске ұшырадыңыз).

Осы ережелерді сақтау қан қысымының нақты нәтижелерін алуға көмектеседі.
Қан қысымын тексеріңіз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз және белсенді болыңыз. Бүгін өзіңізге жасаған қамқорлығыңыз – ертеңгі денсаулығыңыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #гипертония #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);