AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бүгін азаматтық алуға арналған тестілеуге өтініш қ...

Бүгін азаматтық алуға арналған тестілеуге өтініш қабылданады

Заң мен тəртіп Бүгін 16:05 55
Бүгін азаматтық алуға арналған тестілеуге өтініш қабылданады

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерге арналған тестілеуге өтініш қабылдау 27 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тестілеудің өзі 8 желтоқсанға белгіленген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Өтініштер 7 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін app.testcenter.kz сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Тестілеуге қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

ҰТО мәліметінше, емтихан үш блоктан тұрады:

  • қазақ тілі – 30 тапсырма (шекті балл – 15);

  • Қазақстан Конституциясының негіздері – 40 тапсырма (шекті балл – 20);

  • Қазақстан тарихы – 30 тапсырма (шекті балл – 15).

Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтарын қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға болады. Ең жоғары балл – 100, ал тесттен сәтті өту үшін үміткер кемінде 50 балл жинауы қажет.

Уақыты және сынамалы тестілеу

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі (мүгедектігі бар азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған).

Дайындықты пысықтағысы келетін үміткерлер app.testcenter.kz сайтындағы «Сынамалы тестілеу» бөлімі арқылы алдын ала тест тапсырып көре алады. Оның құны — 3 355 теңге

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азаматтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының сайлауалды штабтары жұмысын аяқтады

Бүгін 16:45

Қазақстан төрағалық еткен кезеңде Халықаралық Аралды құтқару қоры $170 млн-ға жуық гранттық қаржы тартты

Бүгін 16:15

Алматының Нұркент шағынауданында аумағы 4 гектарға жуық жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Бүгін 15:37

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 трлн теңгені құрады

Бүгін 15:28

Күн райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);