Бүгін Алматыда бірнеше көше бөліктері жабылады

Бүгін Алматыда бірнеше көше бөліктері жабылады сурет:yvision.kz

Көшелер көркем фильмнің түсірілуіне байланысты уақытша жабылады.


Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне байланысты қала көшелерінің белгілі бір учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


15 қаңтар сағат 10-нан 14.00-ге дейін - Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;


16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін - Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;


18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін - Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;


18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін - Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.


Түсірілім барысында түтін, пиротехника құралдары қолданылады, сондай-ақ, қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адам көп жиналатын түсірілімдер болады.



«Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ, ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47