AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бостандық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы...

Бостандық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды

Өмір-өзен 06.12.2021, 07:29 1,755
Бостандық ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Халықтың қозғалуы қиын топтарына арналған жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдеріне лифт пен көтергішті орнату бойынша екі жоба аяқталу сатысында.


Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қала тұрғындарының қоғамдық кеңістікті жақсартуға, көркейтуге, мегаполисті дамытуға белсенді тартылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бостандық ауданының тұрғындары «Бюджетке қатысу» жобаларын таңдауға және талқылауға қызығушылықпен қатысады, олардың орнына демалыс пен бос уақыт үшін заманауи инфрақұрылым алады. Мысалы, биыл біз 9 балалар мен спорт алаңдарын жөндеп, 13 қоғамдық кеңістікті абаттандырдық», - деді Алтай Рахымбетов.



2022 жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарланған. Бостандық ауданының тұрғындары абаттандыру бойынша назар аударуды қажет ететін учаскелерді таңдау мүмкіндігіне ие болды.


Сонымен қатар, қалада саябақтарды, скверлерді, бөлу жолақтарын, қоғамдық пайдалану орындарын, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын, көлік айрықтарын жинау және күтіп ұстау, сондай-ақ арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілуде.


Ауданда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, биыл 7 250 ағаш көшеттері мен 2 220 бұталар отырғызылды. Көктемде 31 941 шаршы метр алаңға гүлдер отырғызылды, магистральды көшелер бойындағы 319 гүлзар ретке келтірілді.


Аудан қызметтері қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, көше бойындағы қоршаулар мен жолайырықтарды бояу жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ, субұрқақ пен мұражайдың іргелес аумағын жөндеу аяқталды. Ә. Қастеев атындағы саябақтағы фонтанға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкен Алматы - әл-Фарабидегі көпірасты кеңістігі аумақтарын ағымдағы жөндеу аяқталды.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #Сквер #мегаполис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);