AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында 5 жаңа мектеп пен 2 балабақша...

Бостандық ауданында 5 жаңа мектеп пен 2 балабақша ашылады

Әлеумет 13.07.2023, 03:46 1,142
Бостандық ауданында 5 жаңа мектеп пен 2 балабақша ашылады
Сурет: ашық дереккөз

 Бостандық ауданында 4077 оқушы орны тапшы. Аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев бұл мәселені шешу үшін Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайында 300 орындық №65 мектепке қосымша құрылыс салынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Қыркүйек айынан бастап сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернат ашылып, 120 орындық қосымша құрылысы аяқталады.



«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «РАМС Қазақстан» құрылыс компаниясы «РАМС Сити» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің аумағында 1 100 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Аяқталуы – 2024 жылдың тамыз айы, сонымен қатар, 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Жыл басынан бері ауданда 657 баланы қамтыған 6 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды», - деді Ерболат Досаев.



Сәтбаев көшесі, 90 мекенжайында «Конкрит продактс» ЖШС зауыты көшкеннен кейін осы жылдың қазан айында «Hit Building» ЖШС 900 орындық мектеп құрылысын бастайды. Тапсыру мерзімі шамамен 2024 жылдың тамызы. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарланған: Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында 2 500 орындық, Розыбақиев-Левитан көшелерінің қиылысында 1 500 орындық және Розыбақиев – Қожабеков қиылысында 2 000 орындық. Бұл жұмыс келесі жылдың соңына дейін аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #балабақша #ашылады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

Кеше 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Кеше 19:00

Биылғы 9 айда экономиканың өсімі 4,2%-ды құрады: Үкіметте әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды

Кеше 17:45

Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);