Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бостандық ауданында 10 мектеп пен 5 балабақша жаңа...

Бостандық ауданында 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады

Әлеумет 08.07.2025, 14:22 762
Бостандық ауданында 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылдың соңына дейін  Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады

Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен білім беру мекемелерін жаңғырту бағдарламасы аясында Бостандық ауданы жаңа нысандар салып, мектептер мен балабақшаларды қайта құрып, күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин заманға сай оқуы үшін балалардың жағдайын жасап, орын тапшылығын азайтып, барлық санаттағы балалардың білімге қолы жететіндей ету негізгі басымдық екенін атап өтті.

Биыл қыркүйек айында аудан аумағында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4000 оқушыға арналған екі жаңа мектеп ашылады. Мамыр айында Розыбақиев көшесінде 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Нысанның құны – 7,8 млрд теңге. Тамыз айында Егізбаев көшесінде 2500 орындық тағы бір үлкен мектеп салынып бітпек. Оның құны – 11,9 млрд теңге. Бұған қоса, қыркүйек айында №73 мектепке қосымша 450 орындық жапсарлас ғимарат салынып, мектеп ғимаратына реконструкция жасалып бітеді. Бұл аудан мектептеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.

Жыл соңына дейін №10 мектеп-интернатта (1,3 млрд теңге), №189 (2,5 млрд теңге) және №191 (1,7 млрд теңге) мектептерінде сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Республикалық физика-математика мектебінің ғимараты қайта жаңартылып жатыр. Бұл жобаға 5,5 млрд теңге бөлінген. Аталған жобалардың жалпы құны – 11 млрд теңге. Сәуір айында №60 мектепті жаңғырту жұмысы басталды. 5,7 млрд теңге сомасына жүргізіліп жатқан бұл жұмысты 2026 жылдың қыркүйегінде аяқтамақ ойда.  

Балабақшадағы орын тапшылығын азайту үшін биылғы наурыз айында Орбита-3 шағынауданындағы бұрынғы балалар үйінің екі ғимараты қайта жөндеуден өтті. Оның бірі – 240 орындық балабақша ретінде, екіншісі – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 100 орындық арнаулы түзету балабақшасы ретінде жұмыс істейді. Құрылыс жұмысының құны – 3,6 млрд теңге. Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін №81, №87 және №137 балабақшаларында сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жобаларға жалпы 4,3 млрд теңге бөлінген.

Маңызды жобаның бірі – жаңа Оқушылар үйінің құрылысы болды. Сәуір айында 1964 жылы салынған ескі ғимарат бұзылып, оның орнына осы заманғы жаңа нысан бой көтерді. 2025 жылдың маусым айында Оқушылар үйі аудандағы балалар мен жасөспірімдерге ашық болды.

Аталған жобаның барлығы Бостандық ауданындағы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі  және өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы  жағдай жасауға арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі