конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Бортта 166 жолаушы болған: Алматы – Атырау бағытын...

Бортта 166 жолаушы болған: Алматы – Атырау бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен

Барлығы 15.01.2026, 09:57 783 Дина
Бортта 166 жолаушы болған: Алматы – Атырау бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен
depositphotos.com

14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуе компаниясына тиесілі ұшақ қонғаннан кейін ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшақ бортында жолаушылар болған, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматы – Атырау бағытындағы FS7202 рейсін орындаған әуе кемесі сәтті қонған. Алайда ұшу-қону жолағын босатып, тұраққа қарай бет алған сәтте ұшақ төмен жылдамдықпен жүру жолынан шығып кеткен.

Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 166 жолаушы болған. Олардың барлығы қауіпсіз түрде ұшақтан түсірілген. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

FlyArystan өкілдері оқиғаға байланысты әуежай қызметтерімен және авиациялық билік өкілдерімен бірлесіп, жағдайды белгіленген тәртіпке сай тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #апат #Алматы #Атырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);