Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Бөрісырғақ» – тағылар тайталасы...

«Бөрісырғақ» – тағылар тайталасы...

Өмір-өзен 17.02.2022, 04:56 2,150
«Бөрісырғақ» – тағылар тайталасы...
upet.com

Дала көкжалдарын жұптастырған ат құлағы көрінбейтін ақ дүлей боран бүгіннен ақпанның 23-іне дейін созылады. Іле-шала аса қауіпті «Үт» амалы көрініс береді.


Ақпан айы ортасынан ауа сырғақты қатты боран соғатын болған, ат құлағы көрінбейтін осы боранды күндерде қасқырлардың ұйығуы (ақпанның 17-сі мен 23-і арасында) басталады. Дала көкжалдары осы боранда жұптасып, 62 күннен соң қасқыр бөлтірігін өмірге әкеледі екен. Сырғақ деп бұршақтан кіші мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көнекөз қариялар бұл амалдың атауын осы бөрілер мен сырғақты боранға байланысты «Бөрісырғақ» деп атаған секілді.


Биылғы ақпан Алматыға «ақырып» келген жоқ. Жылы қабақ та танытпады. Бірақ аракідік қылаулап жауған қардың өзі қала көшелерін ақ ұлпаға көміп тастады.


Ақпандағы қауіпті саналған амалдардың бірі – «Үт амалы». Ол ертеңнен басталып, айдың 25-іне дейін созылады. «Үт» сөзінің қайдан шыққаны туралы әртүрлі әңгіме бар. Біреулер қазақтар ілгеріде сиырды «үт» деп атаған десе, енді біреулер киіз үйдің саңлауынан түскен сәулені «үт» деген деседі. Дегенмен, құбылмалы ақпан айына көп сене беруге де болмайды. Жемшөп таусылып, өріс ашылмай, дауыл басылмай әлекке салатын мезгіл осы. Ауа райы ерекшелігі: қар ерігенмен, қатты қасат қар ерімейді. Сиырлар осы мезгілде жатпай, бір-бірін сүзгілеп, сықырлап жүріп алатын болған. Амалдың «сиыр» аталуына осы көрініс себеп болған сыңайлы. Тереңірек ойлап, зерделесек, саңлаудан түскен сәуле мен сиырдың теңселіп жүруі амалдың келгенін ғана білдіретін көрініс. Негізі, қазекең «үт» деп саңлаудан түскен сәуленің ішіндегі қозғалып жүрген есепсіз тозаңды айтқан. Ол күннің жылынатынын, табиғаттың өзгеретінін, шуақты күндердің жақын екендігін білдіретін тозаң. Бұрынғылардың «Үт келді, құт келді» деп масаттануының да, осы мақалдың шығуының да себебі осы болса керек.



ДАЛА ҚАРЛЫ БОЛСА…
• Торғай ерте жұмыртқаласа, күн ерте жылынады.
• Таң күңгірт тартып, күн манаурап көрінсе, жыл жауыншашынды болады.
• Жыл басында таң өрттей қызарып атса, ол жылы жаманшылық, жұт, қуаңшылық болуы мүмкін.
• Таң шашырап атса, жыл молшылықты, берекелі.
• Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі болады. 
• Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін ақпанның 17-сі. Ай есебінше –15-і. Ал қазақша, айдың басталғанына бүгін 1-ші күн. Сөз етіп отырған аптамыз айдың басы мен ортасына сәйкес келіп тұр. Демек, ауа райында алдағы аптада аз да болса өзгеріс, құбылыс болатын сыңайлы. Ашық күн де, жауын-шашын да көрініс беруі ғажап емес. Бірақ таңертең ызғар және түнге қарай айтарлықтай суық орын алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақы #пайым #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика