Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз

Бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз

Әлеумет 13.07.2023, 03:25 887
Бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз
vsegda-pomnim.com

Өткен пайымымызда сөз еткен «Бас шілде» амалы аяқталуда. Бабалардың айтуына байланысты жазғанымыздай: амал кезінде жаңбыр да жауды, күн күркіреп, найзағай да ойнады, аңызақ күндер де аз болған жоқ.


Шілде айының ортасынан ауа жер құрғап, шөптердің буыны қатып, сарғая бастайды. Малға да, жанға да жайлы кез басталады. «Үркер толғағы» амалының келетін кезі, міне, осы мезгіл.


Үркерді орысша «Дева» деп атайды. Тура мағынасында аударылғандықтан қазақшасы «Бикеш» делініп жүр. Ал Жүсіп Баласағұн «Бидай басы» деп атаған екен. «Жеті қарақшының» қызын ұрлаған Үркер осы.



Қазақ Үркер, Таразы, Үш Арқар жұлдыздарын «бөлек туып бірге батқан үш жұлдыз» деп айтады. Үшеуі де жылдың әр мезгілінде туғанымен, бір күнде – мамыр айының соңына таман (жиырма тоғыз, отызы шамасында) «жерге кіріп», көрінбей кетеді. Сонан соң Үркер Сарша айында (шілде), Таразы тамызда туады. Сол шоқжұлдыздар шоғыры көзге көрініп, жұптасып, көкке көтерілмей, шілденің аптабы басылмайтын көрінеді.



Аталмыш айдың алғашқы онкүні бітісімен жұлдыздар шоғыры топтасып, жұптасып, көкке бағыт алды. Міне, сол Үркердің («Бидай басы») қазір толғағы жүріп жатыр. Ауа райының тұрақсыз болуы, күннің күрт ысуы, жаңбырдың жаууы, бәрі-бәрі осы амалдың салдары. Үркер туған соң жер құрғайды, күн ысиды, шөптердің сабағы қатайып, өзі сарғаяды. Бұл малға да, жанға да жайлы кезең.


Осы кезде Сыр бойында, оңтүстік өңірлерде бидайға орақ түссе, астықты Арқа аймағында бидай масағы қамырланып, бас байлайды, ол қатая келе дәнге, дән нанға айналады. Әлемге аты әйгілі ғұлама Баласағұнның «Бидай басы» деп ат қойып, айдар тағуы осыдан болса керек. Үркер амалы жаздың бел ортаға келгендігін білдіреді. Бұл мезгілде кейде ұзаққа созылған сылбыр жауын жауады, кейде сарша тамызға жалғасқан қапырық ыстық болады.



Үркер жұлдызынан жиырма күндей кейін Таразы жұлдызы туады. Таразы шоқжұлдызы шілденің орт асы ауа шығыстан көрініп, күз, қыс бойы Үркердің соңын ала, батысқа қарай ауады. Таразы туғаннан кейін Сүмбіле туады. Сөйтіп, қоңыр күздің ортасы ауа, қара күздің басында Үркер бастаған Таразы, Сүмбіле (Үшарқар) жұлдыздар шоғыры батысқа қарай бағыт алады. Бұл көрініс күн мен түн теңескенін, енді күн ұзара бастайтын мезгіл-мезет жеткенін білдіреді.



Қазір григорианша, шілденің – 13-і, ай күнтізбесі бойынша, – 25-і, ескіше (қазақша) – 1 күннен кейін жаңа ай басталады. Аспан денелерінің білдіруі бойынша, алдағы аптада күн шуақты қалпын сақтайды. Жауын-шашын сирексиді, апта соңына қарай салқындық көрініс беруі ықтимал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шілде #бабалар #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі