AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан ӘЧ: Қытай құрамындағы қазақ жігіті әлемнің...

Бокстан ӘЧ: Қытай құрамындағы қазақ жігіті әлемнің вице-чемпионын ұтты (Видео)

Спорт 04.05.2023, 14:00 2,123 Almaty-akshamy
Бокстан ӘЧ: Қытай құрамындағы қазақ жігіті әлемнің вице-чемпионын ұтты (Видео)
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақ жігіті аса ауыр салмақта армениялық Давид Чалоянмен жұдырықтасты


Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қытай құрамасында өнер көрсететін Данабек Байғазы (Данабиеке Байкевузи) күтпеген нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақ жігіті аса ауыр салмақта (+92 кг) армениялық Давид Чалоянмен жұдырықтасты.


Бұл жекпе-жекте фаворит саналған Д.Чалоянның басқа атақтарын айтпағанда, ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері еді. Соған қарамастан, ауыр соққылар өткізген армениялық спортшы бірінші раунда айқын ұтылды – 0:5. Екінші кезеңде есе қайырғандай көрінгенімен, төрешілер жекпе-жек қорытындысына сәйкес жеңісті Данабекке берді.


Жалпы, осы чемпионатта ұлты қазақ боксшылар мен бапкерлер басқа да құрамаларда бар.


Аса ауыр салмақта бүгін қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығады. Оның қарсыласы – ресейлік Алексей Егоров. Егер А.Егоровты ұтса, Қамшыбек ширек финалда олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен қолғап түйістіруі мүмкін.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбайдың қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды.


Талғат Сырымбетов Азия чемпионына жол берді.


Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #ӘЧ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);