Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан ӘЧ: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли...

Бокстан ӘЧ: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли Төлтаев сынға түседі

Спорт 04.05.2023, 02:45 1,281
Бокстан ӘЧ: Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли Төлтаев сынға түседі
Сурет: Ашық дереккөз

Олардың жекпе-жегі Б рингінде оныншы болып тіркелген


Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде ел құрамасынан екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


4 мамырда қазақстандық екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.


Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді.


Олардың жекпе-жегі Б рингінде оныншы болып тіркелген.


Ал кешкі сессия елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген.


Бұл сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен А рингінде он үшінші жұпта сынға түседі.


Айта кетсек, Қазақстан құрамасында 3 мамырда Талғат Сырымбетов (60 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.


Ал Айбек Оралбай (92 келі) және Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #ӘЧ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика