AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Бойымыздағы ашуды қалай жеңеміз?

Бойымыздағы ашуды қалай жеңеміз?

Карикатура сөйлесін! 14.09.2021, 15:34 1,866
Бойымыздағы ашуды қалай жеңеміз?
Сурет: Sunhome.ru

Сабырлы адам - алтын адам


Жаһанның қарыштап дамып бара жатқан мемлекеттерінде ашуды тежеуге байланысты түрлі әдіс-тәсілдерді үйрететін семинарлар өтеді. Солардың көшін күншығыс елі Жапония, Қиыр Шығыстағы Оңтүстік Корея бастап тұр. Дәлірек айтсақ, оларда арнайы орталықтар бар. Онда шыны сындырып, балғалап, бойыңыздағы стресті тысқа шығарасыз. Осыған қатысты сауалнама жүргізген едік.


Айсара ӘБІКЕН,


студент:


– Өздеріңіз білетіндей, студенттің негізгі тіршілігі – оқу. Әсіресе, емтиханда қобалжимыз. Ал қалған уақытта шәкіртақыны күтеміз. Оны да үнемдеп жарату қажет. Әйтпесе, Алматыдай алып мегаполисте аш қаласыз. Мұнда әркім өзді-өзімен. Сондықтан қосымша жұмыс жасаймын. Біздер буклеттер, көшірме, қағаз басу ісімен айналысамыз. Қарап жүргеннен гөрі іс қылсаңыз, қалтаңызға қаражат түседі. Жалпы, өзімді қатты күйзеліске түсірмеймін. Олай болғаннан ештеңе шықпайды. Қалыпты, өмір сүргенді дұрыс көрем.


Ержігіт АЙДАР,


даяшы:


– Өте маңызды сұрақ қойдыңыз. XXI ғасырдың актуалды тақырыбы деп білем. Неге десеңіз? Өйткені, бәрі қарбалас. Пандемия жағдайында даяшы болып істеуге тура келді. Қазір халықаралық қатынастар мамандығында оқудамын. Сабақ онлайн, 3 курстамын. Арасында джи-джитсуға барамын. Спорттық секцияға қатысқанды жақсы көремін. Сонда достарыммен жекпе-жекке шығып, ашуды тарқатып аламын. Ал, даяшылық қызметте неше түрлі адамды көресіз. Қысқасы,  жүйкең мықты болуы керек. Меніңше, ер жігіт барлық жағынан мықты жүргені жөн.


Бибігүл ШАРАБЕКОВА,


психолог:


– Қазіргі таңда көпшілігімізде «эго» басым. Менменшілдік халқымыздың менталитетінде құпталмайды. Ал шетелде қалыпты саналады. Бірақ, біздің өз жолымыз бар. Абай атамыз «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деп нақыл қалдырған екен. Дәл осы тәмсіл бүгінгі күнге дөп келуде. Адамның ғұмырының белгілі шкаласы бар. Сондықтан еңсеңді көтеріп, жадырап өмір сүруге кеңес беремін. Қалғаны өз жайын табады.


Әнәпия ҚАЛДЫБАЕВ,


зейнеткер:


– Балам, алдыңдағы атаң талайды көрді. Жасым 70-тен асты. Қызметті де істедік. Сондағы менің түйгенім, жігерлі, темірдей берік, құрыштай қарулы адам болу қажет-ау. Майда мен шүйдені термеген абзал. Мұндай адамдыққа жат. Саған қол созған, демеген жандарды ұмытпа. Тік жүр, нық сөйле. Сонда алдың жарық, қадамың гүлге айналады. Көпшілік жастарға разымын. Бірнеше жерде жұмыс жасайды, бір жағынан оқиды. Мінекей, сондай қаракөздерімізді нағыз шыңдалу үстіндегі өрендер деп санаймын. Айналайындар, ашуға бой алдырмаңдар. Тек алға, мақсатқа жетпей аялдамаңдар!


Заманында Әйтеке би бабамыз «ашу деген – ағын су, ақыл деген - дария» деп қанатты сөз қалдырыпты. Қандай ғажап айтылған дүние! Жоғарыдағы пікірлерді ұштастырғанда, соған барады. Аз ғана ғұмырда татулық пен бірлікте ғұмыр кешкенге ештеңе жетпейді демекпіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бойымыз #ашу #қалай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 19:19

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика