AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Блогерлерге салық пен айыппұл салынады

Блогерлерге салық пен айыппұл салынады

Заң мен тəртіп 07.06.2023, 14:15 1,358
Блогерлерге салық пен айыппұл салынады
Сурет: Zakon.kz

Заң жобасы мақұлданды.


Қазақстандық блогерлер салық төлеуге міндеттеледі және жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Заң жобасына парламент депутаттары бастамашы болған. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, заң жобасында онлайн жарнама, инфлюенсер және жалған ақпарат ұғымдары енгізілген.



"Осы кезге дейін біз дәстүрлі жарнаманы жақсы білеміз. Теледидарды қоссақ, айқын көріп отырамыз, газет-журналдарды ашсақ та, жарнама анық көрініп тұрады. Біздің ойымызша, азаматтардың құқығын қорғау үшін, олар алданбау үшін, ертең қаржылық пирамидаға тап болмау үшін әлеуметтік желідегі жарнаманы да, демеушілік контентті де айқын көрсетуіміз керек. Әлемдік тәжірибеде бұл бар. Ол блогерлерден, инфлюенсерлерден осыны талап етеді", - деді Сарым мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырып.



Сондай-ақ интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі.



"Шетелдің мақалы бар: кез келген адам өлім мен салықтан құтыла алмайды деген. Олай болса, біздің замандастарымыз да, журналистеріміз де айтып отыр: неге біз барлығы үшін салық төлейміз, ал интернетте миллиардтап, миллиондап ақша жинап жатқан азаматтар мемлекеттік қазынаға бір тиын да құймайды деген мәселені қойып отыр. Осы себепті біз блогер, инфлюенсер деген ұғымды енгіздік. Осы себепті де жарнаманың сан алуан түрлерін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығы, ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жыл соңында келетін Салық кодексіне еніп, сұр экономикада жүрген дүниенің барлығын ашық алаңға шығару, мемлекет қазынасын толтыруға пайдалану қажет деп есептейміз", - деді мәжілісмен.



Оның айтуынша, бүгінде жарнаманың алпыс пайызы интернет саласына кетіп жатыр. Бұл қазіргі таңда триллиондаған ақша болуы ықтимал. Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жалған ақпарат үшін салынатын айыппұл.



"Басты мәселенің бірі – біз жалған ақпарат деген ұғымды енгізіп отырмыз. Бұл біздің заңнаманы жартылай декриминализациялау деп есептейміз, себебі барлық мәселені сот арқылы шешу керек және оның ішінде айыппұлдар болуы керек. Адам қасақана емес, қателесіп кетсе, басқа да жағдаяттар болса, жалған ақпараты көп зиян тигізбесе, онда 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер дәл осы әрекетті қайталаса, айыппұл екі еселенеді. Заңды тұлғаларға да осындай тиісті баспалдақ бар", - деп түсіндірді Сарым.



Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #салық #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);