AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Биыл спортта қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр?

Биыл спортта қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр?

Спорт 04.01.2024, 05:53 1,188
Биыл спортта қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр?
Сурет: ашық дереккөз

Жаңа жылдағы ірі спорттық жарыстар шымылдығын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы түріп береді.


2024 жылғы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондо қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Қазіргі уақытта ел құрамасында 5 спорт түрі (10 дисциплина) бойынша 30 лицензия бар (42 спортшы).   Биылғы жылдың басты оқиғасы – Париждегі жазғы Олимпиада ойындары деп атауға болады. Бұл дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында әлемнің 205 елінен келген 10 мыңнан астам спортшының қатысуымен өтеді. Төрт жылдықтың жарысында спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 20 түріне қатысуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда жерлестерімізде спорттың 8 түрі бойынша (садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим күресі, еркін күрес, спорттық гимнастика және бокс) 17 лицензия бар. Алда 90-ға жуық лицензиялық жарыс күтіп тұр. Сондықтан жолдамалар санын әлі де көбейту мүмкіндігі бар.  


Еліміз үшін жылдың маңызды тарихи оқиғасы – Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу (2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында). Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегациялар келеді деп күтілуде. Ойындардың бірегейлігі – спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалардың ұштасуында. Бағдарламаға 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрі кіріп, 110 медаль жиынтығы ойнатылады. Жарыс ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, құстармен аң аулаудың түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар бойынша өтеді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама даярлықты бастады, командалар құрамы қалыптасуда, оқу-жаттығу шаралары өткізілуде.  


Биыл Астанада әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ташкентте (Өзбекстан) өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми отырысында хабарланды. IBA Федерациясы президентінің айтуынша, турнирдің жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Әлем чемпионы атанған боксшы 200 000 АҚШ долларын алады.  


Сондай-ақ 2024 жылдың қарашасына Астана қаласында самбодан әлем чемпионаты жоспарланған. Өткен жылы күзде Ереванда өткен самбодан 48-ші әлем чемпионатына 65 ел қатысып, жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 5 қоламен үшінші орынға табан тіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #жарыс #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02

Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?

Бүгін 10:02

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика