Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл шетелдіктердің қатысуымен құны 3,7 млрд долла...

Биыл шетелдіктердің қатысуымен құны 3,7 млрд доллар болатын 36 жоба іске асты - ҚР СІМ

Әлеумет 28.12.2022, 13:33 1,106
Биыл шетелдіктердің қатысуымен құны 3,7 млрд доллар болатын 36 жоба іске асты - ҚР СІМ
Сурет: Ашық дереккөзі

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан шамамен 400 млрд доллар инвестиция тартты.


Биыл елімізде құны 3,7 млрд доллар болатын 36 инвестициялық жоба шетелдіктердің қатысуымен іске асырылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Пандемияға байланысты әлем протекционизмге, санкцияларға және сауда қарсылығына байланысты өзінің көпжақты сауда жүйесі үшін үлкен сынақтарға тап болды. Тиісінше, экономикалық дипломатияға және шетелдік инвестицияларды тартуға ерекше назар аударылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан шамамен 400 млрд доллар инвестиция тартты», - деді ол министрліктің осы жылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Елшіліктер отандық өнімді шетелдік нарықтарда ілгерілетуге жәрдемдесу, экспорт-импорттың өзара тиімді процесі аясында жаңа әріптестермен сенімді іскерлік байланыстар орнату, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.



«Осы жылдың басынан бері шетелдіктердің қатысуымен жалпы сомасы 3,7 млрд доллар болатын 36 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 3,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл ретте осы жылдың соңына дейін кемінде 5 жоба пайдалануға беріледі деп күтіледі. Экономиканың түрлі салаларында ұсынылған инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулымен жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда пул әлемнің 30-дан астам елінен жалпы сомасы 32,1 трлн теңгеге инвестиция тартатын 932 жобадан тұрады және шамамен 130 мың жұмыс орнын құруды көздейді», - деді Айбек Смадияров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шетелдік инвестиция #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Әй, ақкөңілім-ай". Мақпал Жүнісова концертіне келген 90 жастағы әжеге жүз мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 10:16

"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады

Бүгін 10:04

Шымкентте өз қызын 11 жасынан бастап зорлаған ер адам сотталды

Бүгін 09:52

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Бүгін 09:42

ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықтарын енгізу жұмысы күшейді

Бүгін 09:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика