AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Биыл Қазақстанның қарбыз өсіруден әлемдік рейтингі...

Биыл Қазақстанның қарбыз өсіруден әлемдік рейтингісі жақсаруы мүмкін

Экономика 01.08.2024, 09:26 1,246 dulatbekova
Биыл Қазақстанның қарбыз өсіруден әлемдік рейтингісі жақсаруы мүмкін
Сурет: 24.kz

 Әр қазақстандық 70 келі қарбыз жейді 

Биыл Қазақстанның қарбыз өсіруден әлемдік рейтингісі жақсаруы мүмкін. Жалпы еліміз бүгінде 11-ші орында тұр. Былтыр ел диқандары 1,5 млн тоннаға жуық қарбыз жинаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал биыл бұл көрсеткіш едәуір артуы мүмкін. Себебі оңтүстіктегі диқандар екінші мәрте өнім жинауға кіріскелі отыр. Сонымен қатар елде қант өндірісі де ұлғайды. Нәтижесінде өткен аптада қант бағасы арзандады. Иә, еліміз қарбыз өсіру көлемі бойынша 2021 жылы әлемдегі үздік ондыққа кірген. Тағы бір қызық дерек, әр қазақстандық бір жылда 70 келіден астам қарбыз жейді екен.

Әр қазақстандық жылына 70 келіден астам қарбыз жейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, былтыр елде шаруалар 1 млн 4 мың тонна қарбыз жинаған. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 7% артық көрсеткіш. Алайда өнімнің тек 7,5 мың тоннасынан астамы экспортқа шығарылған. Демек қалған қарбыз ел тұрғындарының дастарқанынан орын тапқаны анық. Жалпы қарбыз өсіру бойынша Қазақстан әлемде алдыңғы қатардан ойып тұрып орын алады. Екі жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының рейтингінде біздің ел 11-ші орынға тұрақтаған. Мұнда Қытай, Түркия мен Үндістан көш бастап тұр. Ал іргедегі көршілеріміз Ресей мен Өзбекстан 7-ші және 10-шы сатыларды еншілеген.  Биыл Қазақстанның рейтингідегі орны көтерілуі мүмкін. Себебі қарбыз еккен диқандар жақын күндері екінші мәрте өнім жинауды жоспарлап отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарбыз #Рекорд #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);