конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордт...

Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті

Әлеумет 28.12.2021, 05:59 1,341
Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті
Сурет: Kolesa.kz

Келесі жылдың 5 қаңтарында ескі көліктерді қабылдау қайта басталады


Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарында қайта басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Енді 5 қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электронды кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды. 2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, көлік құралының санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта болады.


Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, 4040 жолаушы және 8 470 жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға 13,833 млрд теңге қаражат төленді. Аймақтар бойынша көлік тапсырудың алдында Шымкент қаласы тұр. Аталған қала тұрғындары 12 068 көлік өткізген. Екінші орында 5175 тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4788 техника өткізген Тараз қаласы тұр.


Үздік төрттікті 3239 бірлік машина тапсырған Қарағанды қаласы жайғасқан. Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдады. Оның ішінде 194 163 жеңіл автокөлік, 14 590 бірлік жүк техникасы және 6 179 бірлік ауыр салмақтығы машина. Қабылданған техниканың барлығы Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі. Қабылдау бекеттерінің мекенжайлары және электронды кезекке тұру recycle.kz сайтында «Қалдықтарды басқару», оның ішінде «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімінде орналастырылған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ескі көліктер #жою #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Қазгидромет" алматылықтарға тағы да ескерту жасады

Бүгін 12:10

Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Бүгін 12:03

Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Бүгін 11:44

Алматы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туризмді дамыту бағытындағы жұмысы үшін үш халықаралық марапатқа ие болды

Бүгін 11:38

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңашылдықтар, өзгерістер және толықтырулар

Бүгін 11:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);