AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер...

Биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер өтініш берген

Білім және ғылым 26.08.2022, 12:32 1,484 Almaty-akshamy
Биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер өтініш берген
Сурет: Egemen.kz

Колледждерде қабылдау емтихандары жоқ


Қазақстанда колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл туралы Іnstagram желісінде өткен тікелей эфир барысында Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«25 маусымнан 25 тамызға дейін колледжге түсу үшін құжат қабылдау жұмыстары жүргзілді. Нәтижесінде 180 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 120 мыңнан астам өтініш мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданды», - деді Алтай Рахимберлин.



Сонымен қатар ол колледждерде қабылдау емтихандары алынып тасталғанына тоқталды.



«Тек медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша талапкерлер арнайы емтихан тапсырады. Жұмыс мамандықтарына талапкерлермен әңгімелесу қорытындысы негізінде қабылданады. Ал қолданбалы бакалавр мамандықтарына талапкерлер аттестаттың орташа балы негізінде іріктеледі», - деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы.



Еске салайық, бұған дейін «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін барлық талапкерлер үшін колледждерде білім алу тегін болатынын жазып едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #Талапкер #емтихан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика