AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Биыл көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз такси...

Биыл көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз такси жүргізушісін жауапқа тартты

Заң мен тəртіп 12.09.2024, 17:35 1,333 dulatbekova
Биыл көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз такси жүргізушісін жауапқа тартты
Сурет: Polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері кез келген құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидаты бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 2841 түлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 529-ы заңсыз такси жүргізушісі.

Мәселен, осы жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері келуші жолаушылардың мазасын алып, жеке тасымалдау қызметін ұсынған 40 және 57 жастағы қала тұрғындарын анықтап, ұстады. Құқық бұзушылар қоғамдық орындарда тиіскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

– Жұртшылық пен туристер жүргізушілердің дөрекі әрі адамның мазасын алып тиісетін мінез-құлықтарына наразы. Осыған дейін заңсыз тасымалдаушылардың шетелдік азаматтарды әуежайдан межелі баратын жеріне дейін әдейі көтерілген жоғары бағамен тасымалдаған жағдайлары болған. Әрине, мұндай оқиғалардан кейін елімізге келген шетелдік қонақтарда жағымсыз пікір қалыптасады. Мұндай фактілер ешқашан назарымыздан тыс қалған емес, құқық бұзушылар міндетті түрде тиісті жауапқа тартылады, – деді ПД бастығы Бақытжан Малыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген. Шетелдіктер үшін мұндай құқық бұзушылық үшін 5 АЕК айыппұл, қамауға алу немесе ҚР шегінен тысқары шығару көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #жауапқа тарту #Көлік полицейлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);