AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы...

Биыл Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады

Әлеумет 19.04.2023, 11:15 1,229
Биыл Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады
Сурет: ашық дереккөз

 Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.






Әлихан Смайылов көмірсутек шикізатының ресурстық базасын және оны әрі қарай өңдеу үшін өндірістік қуаттарды ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.



«Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын жою үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарланды», – деді Премьер-Министр.



Оның айтуынша, биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаты 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Жалпы, газ саласында жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін газ алуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды.


Cондай-ақ Үкімет басшысы мұнай-химия саласында қуаты жылына 319 мың тонна бутадиен және басқа ілеспе тауарларды өндіруге мүмкіндік беретін жоба іске асырылып жатқанын еске салды. Бұл ретте қазіргі таңда қуаты жылына 1,2 млн тонна болатын полиэтилен өндіру бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 8,7 млрд долларды құрайды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #Өңдеу #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өнерді өміріне өзек еткен ұлағатты ұстаз

Кеше 22:39

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барды

Кеше 18:49

Қазақстанның жаңа саяси архитектурасы

Кеше 18:45

Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Кеше 17:30

Димаш Құдайберген Қарағандыда шахтерлер күніне концерт берді

Кеше 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);