ffin.kz

Биыл елдегі маңызды 4 автожол бойынша қозғалыс толық ашылады

Биыл елдегі маңызды 4 автожол бойынша қозғалыс толық ашылады Сурет: Inform.kz

Биыл АстанаАлматы, Атырау Астрахань, Ақтөбе–Қандыағаш және Талдықорған-Өскемен автожолдарының бойында қозғалыс толық ашылады.


Бұл туралы Көлік министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өткен демалыс күндері Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының маңызды көлік инфрақұрылымы нысандарын аралады.


Сенбі күні Көлік министрлігінің басшысы Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Сонымен бірге Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың және Ақтөбе мен Қандыағаш теміржол вокзалдарының жұмысымен танысып, «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Қандыағаш-Мақат» автожолдарындағы қайта жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты.


Сондай-ақ министр жолдарды қайта құру жобаларында көзделген 22 жаңа көпір мен жол өтпелерінің құрылысын тексеріп, мердігер ұйымдармен бірнеше жиналыс өткізді. Марат Қарабаев құрылысшыларға жолдарды пайдалануға беру туралы халыққа берілген уәдені мерзімінде орындау керектігін еске салды.


Жексенбіде ведомство басшысы Атырау облысының әкімшілік орталығын Каспий теңізінің порттарымен байланыстыратын «Орал-Каспий каналында» болып, Атырау қаласының темір жол бекетіне барды. Сонымен қатар «Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Дүйсенбі күні Марат Кәрімжанұлы Батыс Қазақстан облысындағы «Казталовка–Жәнібек–РФ шекарасы» және «Өнеге–Бисен–Сайқын»автожолдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді.


Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көлік министрі БАҚ өкілдерінің республиканың көлік инфрақұрылымының негізгі жобаларындағы жұмыстардың аяқталуы туралы сұрақтарына жауап берді.


Марат Қарабаев елімізде бұрын-соңды реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген 856 шақырым жол пайдалануға берілетінін хабарлады. Оның айтуынша, биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен жалпы 11 мың шақырым қамтылған.



«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында, Талдықорған-Өскемен, Астана-Алматы, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылатынын атап өткіп келеді. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», - деді министрлік басшысы.



Сондай-ақ ол облыс тұрғындары жиі көтеретін «Орал-Каспий каналында» түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу туралы сұраққа жауап берді.



«Біз облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің Каспийге құятын жерінде жұмыс жүргізуіміз керек. Тиісті бюджеттік өтінімді Премьер-Министр қолдады. Сондықтан біз тереңдету қажет жерлерді көруге келдік. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Биыл және келер жылы аталған бассейнді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар басталады», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:05

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09