Биыл 18 мыңға жуық қазақ елге оралды

Биыл 18 мыңға жуық қазақ елге оралды Сурет: E-history.kz

Қандас мәртебесін алды. 


Үстіміздегі жылы елге оралған қазақтардың саны артты. Жыл басынан бері Қазақстанға 18 мыңға жуық қандас елде оралған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 17 888 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға оралған қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түркіменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден келген.


Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды.


Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы - жоғары білімді, 39,4%-ы - орта кәсіби білімді, 38,9%-ы - жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:53

15:05

14:42

14:13

14:05

13:28

13:22

12:32

12:21

11:57

11:32

10:50

10:50

10:26

10:13

10:08

10:08

09:52

21:50

18:10

17:09

17:04

16:51

15:36

15:25