Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіл...

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Әлеумет Бүгін 10:46 103
Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Аталған баға деңгейі 2026 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында қолданылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті ЕЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын жекелеген тауар түрлеріне қолданылатын ең төменгі баға деңгейі (ЕТБ) және оның мөлшерін жариялады.

Атап айтқанда, Қазақстан аумағында өндірілетін бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді.

Тізімге 28 түрлі өнім енгізілген.

Олардың ішінде:

майлылығы 40%-дан аспайтын сүзбе – 1822 теңге;

майлылығы 36%-дан аспайтын, құрғақ заттағы май үлесі 48%-дан асатын өзге балқытылған ірімшіктер – 2985 теңге;

қабығымен сатылатын жаңа тауық жұмыртқасы – бір данасы 41 теңге;

жаңа немесе салқындатылған картоп – 1 кг үшін 90 теңге;

жаңа немесе салқындатылған ақ қауданды қырыққабат – 1 кг үшін 72 теңге;

жаңа немесе салқындатылған сәбіз – 1 кг үшін 106 теңге;

алма (1 тамыз бен 30 қараша аралығында) – 1 кг үшін 175 теңге;

қатты бидай – 1 кг үшін 83 теңге;

жұмсақ бидай мен спельтадан алынған бидай ұны – 1 кг үшін 175 теңге;

күнбағыс тұқымы (ұсақталған немесе ұсақталмаған) – 1 кг үшін 201 теңге;

бастапқы қаптамадағы (10 литрге дейін) күнбағыс майы немесе оның фракциялары – 1 кг үшін 451 теңге;

еттен, ет қосалқы өнімдерінен немесе қаннан дайындалған шикі шұжықтар – 1 кг үшін 2063 теңге;

еттен, ет қосалқы өнімдерінен немесе қаннан жасалған өзге шұжық өнімдері – 1 кг үшін 1521 теңге;

кептірілген макарон өнімдері – 1 кг үшін 248 теңге;

спирт көлемі 45,4%-дан аспайтын, көлемі 2 литрге дейінгі ыдыстардағы арақ – 1 литрі 1268 теңге.

Ал Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар тізіміне 8 атау енгізілген.

Олардың қатарында:

жаңа немесе салқындатылған шампиньон саңырауқұлақтары – 1 кг үшін 754 теңге;

жаңа банандар – 1 кг үшін 403 теңге;

жаңа тәтті апельсиндер – 1 кг үшін 277 теңге;

жаңа немесе кептірілген мандариндер – 1 кг үшін 269 теңге;

жаңа құрма – 1 кг үшін 208 теңге;

өзге де күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар, сондай-ақ бояу немесе лакты кетіруге арналған дайын қоспалар – 1 литрі 234 теңге.

Ең төменгі баға деңгейі әр тоқсан сайын жаңартылып отырады. Бұл кейбір тауарлардың бағасы маусымға байланысты өзгеруімен және импорт бағасының құбылмалы болуымен түсіндіріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оразадан кейінгі тамақтану: мамандар қандай кеңес береді?

Бүгін 12:16

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды құттықтады

Бүгін 12:15

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:57

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Бүгін 11:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика