ffin.kz

Бірнеше өңірде үсік жүреді- Қазгидромет

Бірнеше өңірде үсік жүреді- Қазгидромет Сурет: Ашық дереккөзі

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жетісу облысының таулы аймақтарында жел, жауын, найзағай болады. Кей жерлерде қар жауады.


Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі сақталады.


Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде екпіні 18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Ақмола облысының шығысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.


Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.


Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел солүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.


Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел солүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде үсік 1 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.


Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі болжанады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады.


Шымкент қаласында қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.


Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде топырақ бетінде үсік 1 градус жүреді.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14