ffin.kz

Бірлік пен татулық – береке бастауы

Бірлік пен татулық – береке бастауы Сурет: ашық дереккөз

Біздің кең байтақ Қазақстанымыз өзінің бай тарихымен, төл мәдениетімен әйгілі. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Олардың барлығы біртұтас халықтың – қазақстандықтардың өкілі және ортақ үйіміз – Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне өлшеусіз үлестерін қосуда.


 Көпшілігіміз бала кезімізден патриотизмнің өте маңызды және қымбат ұғым екенін бес саусағымыздай білеміз. Басқаша айтқанда, бұл – өз өмірін құрбан етуге дайын болудан көрінетін Отанға деген ерекше сүйіспеншілік пен құрмет сезімі.


Мемлекетімізді қай тұсынан алсаң да өте бай. Шындап келгенде, өзге халықта тапшы болған мұнай қоры бізде бастауын табады, осылайша Қазақстан әлем бойынша мұнай қорынан 9-орынды иеленген. Көмір қоры 8-орын болса, уран арқылы 2-ші орынды да біз иемденеміз. Еліміздің соңғы әрі маңызды ақпараты бойынша халқымыздың саны 20 млн-ға жетті. Меніңше, бұл көрсеткіш әлі тек бастамасы. Себебі, біздей халықтың тірегі мен жанашырлары, елінің болашағына уайымдайтын қоғам тұрғанда сары уайымға салыну орынсыз деп білемін.


Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында өте дәл айтты: «Мұндай мысалдар халықтар достығының, белсенді азаматтық патриотизмнің және түрлі этностар өкілдерінің Қазақстанға деген сүйіспеншілігінің мысалдары болып табылады. Еліміздің білім беру, мәдени, ақпараттық саясатында, сонымен қатар, ономастикада да көрініс табуы тиіс».


Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Президенті азаматтарға, әсіресе жастарға тәуелсіздіктің жай сый емес, ата-бабаларымыздың үздіксіз күресі екенін үндеді. «Бұл Қазақстанның дамуының 30 жылы ғана емес. Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті Отанға аянбай қызмет ету арқылы айқындалған мемлекетіміздің даму тарихы 1991 жылдан әлдеқайда бұрын басталды. Атап айтқанда, Алаш-Орда қозғалысының және тарихымыздың басқа да қиын да даңқты сәттері призмасы арқылы қарастырылады. Бұл халқымыздың бүкіл тағдыры».


Осы ретте бұл тақырыпты көркем фильмдер мен балалар әдебиеті арқылы тереңдетіп, өскелең ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың ел тәуелсіздігі жолында неден өткені туралы түсінік пен сананы қалыптастыру қажет.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04