Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық» Алматыд...

«Бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық» Алматыда Ата заңның 30 жылдығына арналған кездесу өтті 

Барлығы 15.08.2025, 14:04 742
«Бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық» Алматыда Ата заңның 30 жылдығына арналған кездесу өтті 
Самат Құсайынұлы
 
 
Бүгін, 15 тамыз Алматыда  «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституция: бірлік пен келісім жолындағы үш онжылдық» тақырыбында кездесу өтті. Мазмұнды жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы Мәслихатының «Ынтымақ» депутаттық тобы өкілдері, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы» республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушылары мен курсанттары қатысты. 
Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, сондай-ақ 2025 жылы жарияланған жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды.
– Бүгінгі жүздесуіміздің басты мақсаты – Ата заңымыздың 30 жылдығының қарсаңында Ассамблеяның атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстыру. Әрі, кездесу арқылы бір-бірімізді түсініп, еліміздің ынтымағы мен бірлігі жарасқан мемлекеттің қатарына қосу үшін жағдай жасау. Қазақстандағы әр ұлт өкілдері бір ата мен бір ананың баласындай тату, бізге қызыға да, қызғана қарайтын елдер көп. Бірлік, ынтымақ бар жерде біз дамыған әрі экономикасы жоғары мемлекеттердің қатарына қосыла аламыз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Заңға бағынған ел құл болмайды». Сондықтан қандай лауазымды тұлға болса да, бәрі заңға бірдей бағынуы керек, – деді Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Долкунтай Алиев. 
Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Қазақстан орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Всеволод Лукашев ҚХА-ның қоғамдық рөліне тоқталды: 
– Қазақстан халқы Ассамблеясы – үлкен құрылым, конституциялық мәртебесі бар ұйым. Біріншіден, бұл – еліміздің ең көрнекті азаматтары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен ғылым қайраткерлері тоғысқан орта. Екіншіден, бұл – этномәдени бірлестіктердің өкілдері. Әлем мен Қазақстандағы тыныштық пен патриотизм жүректен басталады. Елімізде этностардың беделді өкілдерінен тұратын Ақсақалдар кеңесі бар. Әдетте, жасы үлкен және орта буын өкілдері этнос ішіндегі кез келген мәселелерді шеше алады. Сонымен қатар, заңды мәртебесі бар құрылым – медиация кеңесі де бар. Бұл кеңесте барлық даулар сотқа дейінгі тәртіппен шешіледі, – деді Всеволод Лукашев.
Ел бірлігін сақтау елдегі барлық азаматқа ортақ жауапкершілік. Бұл – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір отбасының, әрбір жастың, әр ұлт өкілінің ортақ міндеті. Бірлігіміз – бейбіт өмірдің, тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан татулықты ту етіп, өзара түсіністік пен құрметті негізгі құндылық ретінде бағалау бүгінгі әлеуметтік өмірдің басты ұраны болса керек.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #Бейбітшілік #бірлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика