Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірлік пен достық – Қазақстанның басты байлығы

Бірлік пен достық – Қазақстанның басты байлығы

Әлеумет 04.08.2025, 16:47 1,136
Бірлік пен достық – Қазақстанның басты байлығы
aqshamnews.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл

Қазақстан – көпэтносты елдердің ішіндегі ең бірегей мемлекеттердің бірі. Бұл жерде жүзден аса ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Біз үшін халықтар достығы, өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру – жай ұран емес, күнделікті өмір салтымыздың негізі.

Еліміздегі күрд халқы да осы ортақ үйдің бір бөлшегі. Біздің қауымдастық – «Барбанг» – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары құрылып, ел ішіндегі тұрақтылықты, ұлтаралық татулықты сақтауға белсене атсалысып келеді. Біз қазақ халқына әрдайым алғысымызды білдіреміз – кең құшағын ашып, тағдыр тәлкегімен келген өзге ұлттарды бауырына басты, бір үзім нанын бөлісіп, бейбіт өмір сыйлады.

Халықтар арасындағы бірлік – бұл мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен дамуының кепілі. Біз мұны әсіресе қазіргі күрделі геосаяси жағдайда терең сезініп отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен достықтың нақты кепіліне айналған бірегей институт. Ол мәдени әртүрлілікті сақтау мен азаматтық бірегейлікті нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Тарих бізге бір нәрсені үйретті: ұлттың ұлылығын оның саны емес, берекесі мен бірлігі анықтайды. Сол себепті біз – күрдтер, қазақ елімен тағдырлас, бір халық ретінде, бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында еңбек етуді қасиетті міндетіміз деп білеміз. Өз мәдениетімізді сақтай отырып, қазақ мәдениетін де құрметтейміз, мемлекеттік тілді меңгеруді – азаматтық парызымыз деп санаймыз.

Бірлік бар жерде береке бар. Қоғам тыныштығы – әр азаматтың амандығы, болашақтың кепілі. Ал достық – сол бірліктің діңгегі.

Біз – әртүрлі ұлт өкілдері, бірақ бір Отанымыз бар – ол Қазақстан. Бізді біріктіретін – ортақ тағдыр, ортақ болашақ, ортақ құндылықтар. Осы құндылықтарды сақтау – бәріміздің борышымыз.

Халықтар арасындағы достықты нығайту – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілік. Осы жауапкершілікті адал атқару – әр азаматтың міндеті деп есептеймін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ассамблея #Достық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика