AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз»: Нияз Құрманғазы...

«Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз»: Нияз Құрманғазы жастарға үндеу жасады

Әлеумет 04.03.2026, 21:17 319 yakiya
«Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз»:  Нияз Құрманғазы жастарға үндеу жасады
Алматы әкімдігі

Жасанды интеллекті жылы аясында өткен жастар арасындағы мерекелік кеште сөз сөйлеген Нияз Құрманғазы алматылықтарды маңызды тарихи кезеңде бірлік танытуға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген дана халқымыздың даналығы осы сәтте ерекше мәнге ие.
«Бұл – ойланатын, саралайтын және жауапкершілікпен шешім қабылдайтын кезең»,- деп атап өтті спикер.

Ол ел тағдырын аманат ретінде бағалап, бірліктің ең үлкен күш екенін айтты.
«Бір адамның дауысы аз көрінуі мүмкін, бірақ халық болып жұмылсақ, үлкен өзгерістерге жол ашамыз», – деді блогер.

Спикер Қазақстан Республикасының Конституциясына назар аударып, жаңартылған нормалардың адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде бекіткенін айтты.

«Жаңартылған конституциялық нормалар әділдік қағидаттарын нығайтып, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Бұл – құқықтық мемлекет пен тұрақты дамудың маңызды қадамы», – деді Нияз Құрманғазы.

Сөз соңында ол барша тұрғындарды саналы әрекетке шақырып, өз пікірін ашық білдірді:

«Мен жаңа Конституцияны қолдаймын! 15 наурызда баршаңызды референдумда дауыс беруге шақырамын. Бүгінгі таңдау – ертеңгі Қазақстан! Ендеше, ел болашағына келгенде бейжай қалмайық. Бүгінгі қадам – ертеңгі Қазақстан. Ал еліміздің ертеңі – біздің қолымызда!», - деп өз пікірін ашық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);