AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бірінші сыныпқа баратын балаға қаламды қалай таңда...

Бірінші сыныпқа баратын балаға қаламды қалай таңдаймыз? Дәрігер кеңесі

Мұны білген жөн 25.08.2025, 10:30 569
Бірінші сыныпқа баратын балаға қаламды қалай таңдаймыз? Дәрігер кеңесі
Pixabay.com

Бала жазуға үйренбегендіктен, ауыр немесе қолайсыз қалам оның қолын шаршатуы мүмкін. Сондықтан мамандар болашақ оқушыларға арнайы қаламдар сатып алуға кеңес береді. Бұл туралы Рошаль атындағы Балалар клиникалық орталығының педиатриялық бөлімінің меңгерушісі Юлия Ровенская айтып берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі rbclifetime.ru-ға сілтеме жасап. 

Сарапшының 5 кеңесі

  • Қалам мен қарындаштың ең ыңғайлы пішіні – үш қырлы (үшбұрышты).
  • Өте жіңішке немесе тым жуан қалам қолды шаршатады. Орташа қалыңдығы қолайлы.
  • Қаламда сырғымайтын резеңке қаптама болуы керек. Ол қолдың дұрыс орналасуына көмектеседі.
  • Жазуы жеңіл, күшті көп қажет етпейтін қалам таңдау қажет. Шарикті қаламдар ең қолайлы: сиясы тез кебеді, жайылмайды.
  • Мультфильм кейіпкерлері бейнеленген қаламдар оқу үшін қолайсыз. Олар қолды тез шаршатады.

Солақай балаларға кеңес

Егер балаңыз солақай болса, оны қайта үйретудің қажеті жоқ. Бүгінде сол қолмен жазуға ыңғайлы, арнайы иілген корпусы бар қаламдар шығарылады.

Мектепке қажет заттар

Бірінші сынып оқушысына мына заттарды дайындау ұсынылады:

  • тор көз және көлбеу сызық дәптер,
  • қарапайым және түрлі түсті қарындаштар,
  • 15–20 сантиметр сызғыш,
  • қоқыс жинайтын қақпағы бар ұштағыш,
  • өшіргіш,
  • оқулыққа арналған тіреу,
  • санауға арналған таяқшалар.

Маңызды ескерту

Маман ата-аналарды балаларға қалам, қарындаш немесе фломастерді жалауға болмайтынын түсіндіруді өтінеді. Себебі қолда жүрген қаламда микроб көп жиналады. Бұл жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін. Құрғаған фломастерді жалап жаздыру да қауіпті: заманауи бояулар улы емес болғанымен, аллергия туғызуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #мектеп #қалам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02

Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді

Бүгін 10:41

Қазақстанда ана өлімі азайған

Бүгін 09:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика