Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірінші кезекте - ана мен бала

Бірінші кезекте - ана мен бала

Әлеумет 28.11.2022, 09:16 1,467
Бірінші кезекте - ана мен бала
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының белсенділері балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауда


2022 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жыл сайынғы халықаралық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өтуде.


Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы-хатшысы Гүлнар Әмірова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан 1991 жылы басталған және оны қазақстандық әйелдер қолдайды.



«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы 7 мыңнан астам ұйымның қатысуымен 190-нан астам елде жүзеге асырылады. Бұл науқан 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні басталды және 10 желтоқсанда - Адам құқықтары күні аяқталады», - деді Г.Әмірова.



Науқанды қолға алған кезде екі мақсат қойылды: гендерлік зорлық-зомбылық туралы хабардар болуды арттыру және қоғамның назарын осы мәселеге аудару.


Гүлнар Әмірова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылықты елемеуге болмайтынын атап өткен сөзін еске алды.



«Президентіміз: «Отбасын бұзғандар жазаланбаса, олар бұдан да ауыр күйзеліске түседі. Ал зардап шеккендер мүлдем қорғансыз. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп ойлаймын. Зардап шеккендер біреудің сөзінен немесе қысымынан қорықпауы керек», - деп келтірді спикер.



Гүлнар Әмірова отбасында мейірімге толы қарым-қатынасты әдетке айналдыру керектігін атап өтті. Балалар туылғаннан бастап отбасында өзара түсіністікті көріп өсулері керек.


Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, ішкі істер органдарының ардагері Айгүл Шөпшекбаева тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына деген көзқарасты өзгертетін кез келді деп есептейді. 



 «Біздің қоғамда зорлық-зомбылық қалыпты жағдай болып саналады және әлі күнге дейін тыңдамағаны  үшін балаларды ұрып-соғу арқылы жазалау керек деген пікір бар. Биік мінбелерден әйел тыныш, әрі бағынышты болуы керек дейді. Балалы әйелдер қорғансыз келеді, сондықтан Президентіміз бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр», – дейді А.Шөпшекбаева.



Спикер қалада зардап шеккендерге, оның ішінде психологиялық көмек көрсетілетін бас паналайтын орындардың бар екенін айтты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балалар бар. Ол тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдерге оларға күш көрсеткендердің жауапкершілікке тартылуы үшін дер кезінде полицияға хабарласуды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйелдер #Зорлық-зомбылық #науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін 18:08

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін 17:21

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі