AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Бір топ депутат Alatau aqparat медиахолдингінде қо...

Бір топ депутат Alatau aqparat медиахолдингінде қонақта болды

Барлығы 28.01.2026, 16:52 333 Сұлу
Бір топ депутат Alatau aqparat медиахолдингінде қонақта болды
Қайрат Қонысбаев

Бүгін Alatau aqparat медиахолдингіне Алматы мәслихатының мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін және жастар мәселелері жөніндегі комиссия өкілдері арнайы келіп, басылымдар мен сайттардың жұмыс барысымен танысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Депутаттар редакциялық процестерді көріп, әлеуметтік желіні жүргізіп отырған жастармен пікірлесіп, кеңестерін ортаға салды.

Комиссия төрағасы Бейбіт Құсайынов, төраға орынбасары Серік Есматов, сондай-ақ, Еркінбек Рақышев пен Дулат Рамазанов медиахолдинг құрамындағы «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің редакцияларымен, сондай-ақ Aqshamnews.kz, Vecher.kz, Alnews.kz ақпараттық сайттарының күнделікті жаңалық өндіру жүйесімен танысты. Alatau aqparat медиахолдингі басшысы Ержан Қалымбайұлы ресурстарды заманға сай бейімдеуге қатысты жүргізіліп жатқан трансформациялармен таныстырды.

Кездесу барысында комиссия мүшелері ұжыммен тілдесіп, медианың қоғаммен байланыс орнатудағы рөлі, қалалық күн тәртібін ақпараттық сүйемелдеу және жастар аудиториясымен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары төңірегінде ой бөлісті. Биыл шыққанына 90 жыл болған «Вечерний Алматы» және «Алматы Ақшамы» газеті мен әлеуметтік желі, сайт редакциясында болып сөйлесті. Диджитал платформаларға контент әзірлейтін  жас мамандардың жұмысына да назар аударып, контенттің сапасын арттыру, аудиториямен кері байланысты күшейту секілді маңызды бағыттар бойынша пікір алмасты.  

Сапар аясында қонақтар медиахолдингтің мұражайын аралап, басылымдар тарихы мен редакцияның дәстүрлі мектебіне қатысты құнды деректермен танысты. Сонымен қатар, жақында іске қосылған подкаст студияны тамашалап, қазіргі медиатрендтерге сай мультимедиалық жобалардың маңызына тоқталды.

Депутаттар тарихи бай медиа орталықтың жұмыстарын тұрақты қолдап келе жатқандарын айтып, медиахолдинг ұжымына шығармашылық табыс тілеп, қала тұрғындарын сапалы әрі жедел ақпаратпен қамту бағытындағы жұмыстың өзекті екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Alatau Aqparat #мәслихат депутаттары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика