Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды

Бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды

Заң мен тəртіп 21.11.2023, 12:07 1,116
Бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды
Сурет: ашық дереккөз

Алматы жолдарында бір тәулікте 10 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.   


Бұған дейін хабарлағандай, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.



– “Буран-315” патрульдік экипажымен Рысқұлов даңғылының бойында Mazda көлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі көлікті агрессивті түрде тізгіндеп, өзіне назар аудартты. Оның ішімдік ішкені белгілі болды, оны медициналық сараптама растады. Т.есімді азамат көлік құралын басқарудан шеттетілді және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Осы уақытта “Буран-304” патрульдік жасағы Жансүгіров көшесінің бойында Honda автокөлігін тоқтатты. Оның жүргізушісі осы жылдың қыркүйек айында қарсы жолға шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған. 1996 жылы туған К.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.



Екі көлік те мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #құқық #Мас #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика