AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бір сыныпта оқыған екі жасөсіпірім өзіне қол жұмса...

Бір сыныпта оқыған екі жасөсіпірім өзіне қол жұмсады: қылмыстық іс қозғалды

Заң мен тəртіп 27.01.2026, 09:26 727
Бір сыныпта оқыған екі жасөсіпірім өзіне қол жұмсады: қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Polisia.kz

Екібастұз қаласында 17 жастағы жасөспірім ұл мен қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әрбір оқиға жеке-жеке қаралып жатыр. Тергеу барысында жасөспірімдердің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қайғылы жағдайлар әртүрлі уақытта тіркелгенімен, марқұмдардың бір-бірімен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шакеневаның айтуынша, жасөспірімдер 2008 жылы туған, әлеуметтік жағдайы жақсы, толық отбасыларда тәрбиеленген. Ұл бала Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әрқайсысы өз үйлерінде қайтыс болған. Оларды жақын туыстары тауып алған. Уәкілдің айтуынша, жасөспірімдер бұрын бір сыныпта оқып, достық қарым-қатынаста болған.

Оқу орындарында буллинг деректері тіркелмеген, сондай-ақ олар психологтардың бақылауында болмаған және арнайы есепте тұрмаған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың өлімі жасөспірім ұлдың қазасынан екі күн өткен соң болған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жасөспірім #өлім #Өлім жазасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында электр желілеріндегі апаттық жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты

Бүгін 11:48

Қазақстан азық-түлік шығындары ең жоғары елдердің ондығына кірді

Бүгін 11:17

Алматыда ішкі аурулар медицинасы мамандарының конгресі өтті

Бүгін 11:13

31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);