AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды?

Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды?

Керек кеңес 07.06.2024, 10:51 845 dulatbekova
Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды?
Сурет: Islam.kz

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Ал, түйе мен қарамал бір адамның атынан да, жеті адамның атынан да сойылуына болады. Бірақ жеті адамнан асып кетуге болмайды[1].

Almaty-akshamy.kz бұл туралы Мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұған Жабирдің (одан Алла разы болсын):

نَحَرْنا مع رسولِ اللهِ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم عامَ الحُديبيةِ: البَدنةَ عن سَبعةٍ، والبَقرةَ عن سَبعةٍ

«Алла елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан, бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық»[2], – деп айтқан сөзі дәлел.

Алайда түйе мен қарамалды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды[3]. Ал құрбандық, қиран[4], таматтуғ[5], ақиқа[6], нәзір[7] құрбандығын ниет етіп қосылуға болады. Бастысы бұлардың барлығының ниеті құлшылық мақсатында болуы шарт[8].

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан

[1] «әл-Мәбсут», 6/171. 

[2] Муслим,  №1318.

[3] «әл-Фәтәуа әл-Һиндия», 5/375.

[4] Қиран  – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан кейін ихрам халінен шықпай, ихрам киімін шешпестен қажылық уақытын күтеді. Қажылық уақыты басталғанда алғашқы ихрамымен қажылығын жалғастырады. Яғни қажылыққа умраны қосу арқылы екі ғибадатты бір ихраммен өтеу.

[5] Тәмәттуғ (таматтуғ)  – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра жасап, одан кейін ихрам халінен шығады. Одан кейін қажылық уақытына дейін оған ихрам кезінде тыйым салынатын барлық нәрселер рұқсат етіледі. Қажылық уақыты басталғанда қайтадан ихрамға кіріп қажылығын жалғастырады.

[6] Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Ол – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық».

[7] Нәзір құрбандығы – ол белгілі шарттардың орындалуына байланысты мұсылман баласы бір малды құрбандыққа шаламын деп уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын малға айтылады.

[8] «Бәдәиу әс-сәнәйығ», 4/198.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құрбан шалу #тәртібі #құрбан айт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);