Білім министрлігі білімді оқушыларға қандай сыйақы берілетінін айтты

Білім министрлігі білімді оқушыларға қандай сыйақы берілетінін айтты Сурет: Strategy2050.kz

Түрлі конкурс және олимпиада жеңімпаздарына 4 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі.


Халықаралық байқаулар мен пән олимпиадаларында жеңген балаларға 4 млн теңгеге дейін бір реттік төлем жасалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бұл заңға Президент қол қоюы қажет. Президент қол қойса, дереу іске асады. Биылғы жылы халықаралық додалардың, олмпиадалардың жеңімпаздары болса, осы мүмкіндікке ие болады. Яғни, бір реттік төлемдер 4 миллион теңгеге дейін жетеді, екіншіден, олардың тәлімгерлеріне берілетін қаржы бар, үшіншіден, осы балаларға арнайы гранттар беру мәселесі қаралды», - деді Асхат Аймағамбетов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.



Министрдің айтуынша, тек қана олимпиада қатысушыларына ғана емес, түрлі шығармашылық, дүниежүзілік конкурстардың жеңімпаздарына да грант беру мәселесі қарастырылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

17:20

17:14

17:05

16:50

16:42

16:37

16:15

16:00

15:50

15:42

15:30

15:17

15:09

14:58

14:39

14:15

14:06

12:36

12:32

12:02

11:49

11:37

11:16

11:09