AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / “Білім берудегі шахмат”: Алматыда  III Халықаралық...

“Білім берудегі шахмат”: Алматыда  III Халықаралық конференция өтіп жатыр

Барлығы 27.09.2025, 15:52 676 Гүлжанат СЕМБАЕВА
“Білім берудегі шахмат”: Алматыда  III Халықаралық конференция өтіп жатыр
cov.kz

Бұл шараны FIDE – Халықаралық шахмат федерациясы мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырды. 

Конференцияның мақсаты — шахматты білім беру жүйесіне енгізу, оның әдістемелік, педагогикалық және стратегиялық аспектілерін талқылау. Жиынға халықаралық және қазақстандық сарапшылар, шетелдік шахмат федерацияларының төрағалары мен шахмат мамандары қатысып отыр. 

Білім берудегі шахмат бойынша FIDЕ комиссиясының төрағасы Джерри Нэш тәжірибесін бөлісу үшін Алматыға арнайы келіп, конференцияға қатысты. 
“Мен Алматыға алғаш рет осыдан 34 жыл бұрын келген едім. Ол кезде халықаралық алмасу бағдарламасы аясында келдім. Бұл шаһар маған жат емес. Қайта келгеніме қуаныштымын. Қазақстанның осы саладағы бастамаларын қолдау үшін келдім. Қазіргі уақытта Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде шахматтан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

FIDE‑нің «Шахмат және білім беру» жөніндегі комиссиясы Қазақстанды үнемі қолдап келеді. Өйткені,  бұл ел шахматты білім беру саласына жүйелі түрде енгізіп жатыр. Сол арқылы біз балалардың коммуникативтік дағдыларын, ойлау қабілетін және интеллектуалдық әлеуеттін дамыта аламыз.

Қазақстандық мектептерге шахмат пәнін енгізу бағдарламасы бірте-бірте іске асырылып жатыр. Бұл бастама өзге елдерге де үлгі болары анық”, - дейді Джерри Нэш. 

Қазіргі таңда әлем елдері де шахматты білім беру жүйесіне енгізіп жатыр. Мысалы, Швейцарияда бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына енгізілсе, Швецияда шахмат қосымша пән ретінде мектептерде кеңінен қолданылып келеді. Испанияның Каталония өңірінде 2012 жылдан бастап шахмат ресми түрде білім беру құралы ретінде оқытылып жатыр. Ал Малайзия 2025 жылы шахматты ұлттық деңгейде мектеп бағдарламасына енгізді. АҚШ-та шахмат тек мектептерде ғана емес, жоғары оқу орындарында да оқытылады. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, шахматты білім беру жүйесіне енгізу – оқушылардың сыни ойлауын, шешім қабылдау қабілетін дамытуға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама келешекте интеллектуалды ұлт қалыптастыруға негіз бола алады.

Дәрмен СӘДУАҚАСОВ, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті: 

Шахмат – спорт түрі ғана емес, интеллектуалды даму мен тәрбие құралы ретінде де маңызға ие. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда шахмат бағдарламасы 40 мектепке ғана енгізіліп, шамамен, 1000 бала оқыды.  Ал қазір бұл көрсеткіш едәуір өсті. Шахмат бағдарламасы 1500 мектепті қамтиды және оның аясында шамамен, 60 мың оқушы білім алуда. Сондықтан осындай халықаралық және ұлттық деңгейдегі конференциялар мен пікір алмасу алаңдарының мәні зор.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);