Тамыз конференциясы қарсаңында Алматы қаласы Білім басқармасының ГНМЦНТО жанындағы Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы Наталья Карасёва өткен оқу жылының қорытындысын саралап, қаладағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан педагогтерді атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мектепке дейінгі білім беру сапасы педагогтің кәсіби шеберлігіне, оның үнемі дамуына, заманауи білім беру технологияларын игеруіне, баланың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қарқынды өзгеріп жатқан білім беру ортасында тиімді шешімдер табу қабілетіне тікелей байланысты.
Өткен оқу жылы Алматы қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі үшін мазмұнды әрі нәтижелі болды. Бұл ретте саланың сандық даму көрсеткіштерімен қатар, қаланың педагогтер қауымдастығының кәсіби әлеуетіне де ерекше назар аударған жөн. Әрбір жаңа жобаның, әдістемелік әзірлеменің, байқаудағы жетістіктің, енгізілген технология мен нәтижелі тәжірибенің артында кәсіби білімі, шығармашылық бастамасы және мектепке дейінгі білім беру сапасына жауапкершілікпен қарайтын педагог тұр.
Наталья Карасёва биыл білім берудегі құндылықтар мен инновацияларға негізделген білім берудің болашығын талқылауға арналған стратегиялық алаңға айналатын педагогтердің Тамыз конференциясы қарсаңында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы оң серпінді атап өтті.
«Өткен жыл біздің тәрбие-білім беру жұмысының барлық бағыты бойынша оң өсімді көрсетті. Біз мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бағытында нақты қадамдардың жасалып жатқанын көріп отырмыз. Осы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – біздің педагогтер ұжымы, олардың кәсібилігі, құзыреттілігі және өз ісіне деген адалдығы», – деп атап өтті ол.
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру педагогінің кәсіби құзыреттілігі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті дәстүрлі дағдылар аясынан әлдеқайда кең ауқымды қамтиды. Ол заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруді, дамытушы білім беру ортасын жобалау, сондай-ақ цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні пайдалану қабілетін, әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу мүмкіндігін, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды құрметтеуге баули отырып, экологиялық және құқықтық сананы қалыптастыру міндетін қамтиды.
Алматы мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері дәл осындай көпқырлы кәсіби тәсілді көрсетіп келеді.Өткен оқу жылында жүйелі жұмыс тек инфрақұрылымды кеңейтуге және білім берудің қолжетімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар тәрбие процесінің мазмұнын жетілдіруге де бағытталды. «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында мектепке дейінгі ұйымдарда он мыңдаған бала мен тәрбиешінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға арналған челлендждер мен акциялар, өрт қауіпсіздігіне арналған іс-шаралар, сюжеттік-рөлдік ойындар, квесттер және «Тәртіптің кішкентай сақшылары» спорттық апталығы болды. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық флешмобқа 53 мыңнан астам тәрбиеленуші қатысты.
Мұндай ауқым білім беру процесіне қатысушылардың жоғары белсенділігін ғана емес, сонымен қатар педагогтердің қоғамдық маңызы бар құндылықтарды мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті тілге- ойын, шығармашылық, өз ара қарым-қатынас және бірлескен әрекет тіліне айналдыра білу қабілетін де айғақтайды. Күрделі ұғымдарды балаға түсінікті етіп жеткізіп, құқықтық мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің, экологиялық сан мен әлеуметтік құндылықтардың негізін ерте жастан қалауға мүмкіндік береді.
Өткен жылдың негізгі көрсеткіштері де көп нәрсені аңғартады. Алматыда 1097 балабақша жұмыс істейді, онда 88 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 2025 жылдың шілдесінде іске қосылған ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту деңгейін 96,1%-ға арттыруға мүмкіндік берді, ал экономикалық тиімділік 4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, қалада 1480 орынға арналған жеті жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұл білім беру инфрақұрылымының бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуының бір бөлігі болды. Дегенмен тіпті заманауи инфрақұрылымның өзі кәсіби даярлықтан өткен мамандарсыз мектепке дейінгі білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ете алмайды. «Бұл көрсеткіштер – жүйелі жұмыстың және, сөзсіз, еліміздің болашағы үшін күн сайын негіз қалыптастырып жүрген әрбір педагогтің еңбегінің нәтижесі», – дейді Наталья Карасёва.
Педагогтер, өздерінің кәсіби әлеуетімен,бастамшылыдығымен және үздіксіз дамуға деген ұмтылысын қазіргі таңдағы өзгерістердің қозғаушы күшіне айналуда.
Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы өз еңбегімен «адами капитал балалық шақтан басталатынын», ал Алматының «мүмкіндіктер, құндылықтар мен инновациялар қаласы» екенін дәлеледейтін мамандарды таныстырады. Алматының мектепке дейінгі білім беру саласының кәсіби әлеуеті туралы сөз қозғағанда, әдіскерлердің жұмысына ерекше тоқталған жөн. Әдіскерлерді мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық жүйесінің өзіндік «миы» деп сипаттауға болады. Бүкіл педагогикалық ұжымның жұмыс деңгейі көп жағдайда олардың кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік шеберлігіне, сондай ақ білім берудің даму перспективаларын көре білуіне, педагогтердің бастамаларына қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру қабілетіне тікелей байланысты. Әдіскер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, жекелеген идеяларды тұтас білім беру тәжірибесіне айналдыруға көмектеседі, инновацияларды енгізуді сүйемелдейді және ұжымда үздіксіз кәсіби өсу ахуалын қалыптастырады.
Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының әдістемелік қызметінің жылдар бойы жүлдегерлер қатарынан тұрақты түрде орын алуы тек жекелеген жарыс нәтижелері ғана емес, сонымен қатар, кәсіби білілктіліктің нәтижелерімен де дәлелдейді. Мектепке дейінгі білім беру ұйым әдіскерлерінің елеулі жетістіктерінің әр жылдар бойы тұрақты түрде көрініс табуы – тек жекелеген байқау нәтижелерімен ғана емес,сонымен қатар кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі мен педагогтерді әдістемелік қолдау көрсетудің қалыптасқан жүйесі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Мәселен, 2024 жылы сөйлеу және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №143 арнайы балабақшаның әдіскері Оразкуль Умирова жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауында 3-орын иеленді.
Арнайы мектепке дейінгі мекмедегі әдіскерден ерекше кәсіби құзыреттілік талап етіледі. Мектепке дейінгі білім беру мен оқыту әдістемелерін меңгерудің өзі жеткіліксіз түзете-дамыту процесінің ерекшелігін терең түсіну, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін білу, мамандардың жұмысын үйлестіру және педагогтерге кәсіби әдістемелік қолдау көрсету қабілеті аса маңызды.
Оразкуль Умированың үнемі өзін-өзі дамытуы және түзете білім берудің заманауи технологияларын енгізуі оның кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Оның қызметінде әдіскер тек әдістемелік жұмысты ұйымдастырушы ғана емес, педагогикалық ұжымға заманауи түзету технологияларын меңгеруге, тәрбиеленушілермен жұмыстың мазмұнын жетілдіруге және әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге көмектесетін кәсіби көшбасшы ретінде көрінеді.
Алматы әдіскерлерінің кәсіби жетістіктері келесі, 2025 жылы да өз жалғасын тапқаны ерекше маңызды. Әдістемелік шеберліктің жоғары деңгейін республикалық деңгейде №72 балабақшаның әдіскері Несібелі Сартаева дәлелдеді. Ол түрлі-түсті құмнан композициялар жасауға арналған бағдарламаның авторы. Аталған бағдарлама «Мектепке дейінгі ұйымдардағы үздік дамыту бағдарламасы» байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, қалалық кезеңде 3-орын иеленді. Өз бағдарламасын әзірлеу әдіскердің қолданыстағы педагогикалық технологияларды пайдаланумен ғана шектелмей, авторлық әдістемелік өнім жасай алатынын, педагогикалық тәжірибені жүйелей білетінін және білім беру процесі үшін практикалық құндылығы бар жаңа шешімдер ұсына алатынын көрсетеді.
2025 жылы Несібелі Сартаева «Жыл әдіскері» республикалық байқауында «Үздік көшбасшы» номинациясының иегері атанды. Бұл жетістік әдіскердің қазіргі таңдағы рөлін дәл сипаттайды. Бүгінде әдіскер – әдістемелік жұмысты ұйымдастырып, білім беру процесінің сапасын бақылайтын маман ғана емес. Ол, ең алдымен, педагогикалық ұжымды жаңа идеялардың төңірегіне біріктіре алатын, білім беруді дамытудың перспективалы бағыттарын көре білетін және әр педагогтің кәсіби өсуіне жағдай жасайтын кәсіби көшбасшы. Педагог қызметіндегі осындай перспективалы бағыттардың бірі – жасанды интеллектіні білім беру процесіне белсенді енгізу. Заманауи цифрлық технологияларға деген қызығушылық кәсіби икемділікті, инновацияларға ашықтықты және бұрын дәстүрлі педагогикалық тәжірибеде қолданылмаған құралдарды меңгеруге дайындықты көрсетеді. Осы тұрғыда әдіскер инновацияларды енгізуге жәрдемдесуші ретінде шешуші рөл атқарады: жаңа технологияны жеке меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар педагогтерге оның мүмкіндіктерін түсінуге, оны қолданудың педагогикалық тұрғыдан тиімді жолдарын анықтауға және бұл жаңа құралдарды күнделікті кәсіби қызметке енгізуге көмектесу маңызды. Әдіскерлер педагогтер ұжымының кәсіби мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Егер педагог оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асырып, балалармен күнделікті жұмыс істесе, әдіскер осы жұмыстың кәсіби негізін қалайды: ол педагогтерге өз тәжірибесін талдауға, шеберлігін шыңдауға, жаңа педагогикалық шешімдер табуға, заманауи технологияларды меңгеруге, авторлық бағдарламалар әзірлеуге және жинақталған тәжірибесімен кәсіби қоғамдастық аясында бөлісуге көмектеседі.Сондықтан әдіскерлердің жетістіктерін олардың жеке кәсіби жеңістері ретінде ғана қарастыруға болмайды. Олардың артында одан да маңызды нәтиже – бүкіл педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін көтеру мәселесі тұр. Мықты әдіскер өз айналасында кәсіби педагогикалық ұжым қалыптастыра алады., мұндай ұжымда кәсіби даму үздіксіз үдеріске айналып, жаңа шешімдерді іздеу педагогикалық тәжірибенің табиғи бөлігіне айналады. Оқу процесіне жасанды интеллектті белсенді түрде енгізу педагогтер үшін қызметтің перспективалы бағытына айналуда. Заманауи цифрлық технологияларға деген қызығушылық кәсіби икемділікті, инновацияларға ашықтықты және бұрын дәстүрлі педагогикалық тәжірибеде қолданылмаған құралдарды меңгеруге дайындықты көрсетеді.
Әдістемелік мәдениеттің жоғары деңгейі мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің кәсіби жетістіктерінен де заңды түрде көрініс табуда. Мұны Алматы қаласының педагогтердің кәсіби ортадағы ең беделді байқаулардың бірі – «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауындағы нәтижелері айқын дәлелдейді.
2024 жылы №156 балабақшаның тәрбиешісі Айжан Нурсеитова «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2024» республикалық байқауында Бас жүлдеге ие болды. Бұл нәтиженің артында тек байқауға дайындық қана емес, педагогтің күнделікті кәсіби шеберлігі, балалармен өзара қарым-қатынасты тиімді құра білуі, эмоционалдық тұрғыдан қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруы және педагогикалық идеяларды нәтижелі тәжірибеге айналдыра білуі тұр. Оның кәсіби қызметі өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен және балаларға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді.
2025 жылы өткен осы республикалық байқауда Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру саласындағы жоғары деңгейі тағы бір мәрте байқауда дәлелденді. №14 балабақшаның тәрбиешісі Айсұлу Юсупова «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2025» республикалық байқауында 2-орын иеленді. Оның «Көбелектер фермасы» жобасы өзінің инновациялық сипатымен экологиялық бағыттылығымен ерекшеленді. Бұл жоба заманауи педагогтің балаға тек дайын білімді берумен шектелмей, зерттеушілік және танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра алатынын, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларда бақылаушылық қабілетті, қызығушылықты, экологиялық сананы және қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыра алатынын көрсетеді.
Осылайша, Айжан Нурсеитованың 2024 жылғы ГРАН-ПРИ атануы және Айсұлу Юсупованың 2025 жылғы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауында 2-орын алуы мектепке дейінгі педагогтерінің кәсіби жетістіктерінің сабақтастығын көрсетіп, олардың педагогикалық шеберлігінің жылдар бойы жоғары деңгейде екенін растайды.
№ 184 балабақша тәрбиешісі Ұлжалғас Тұрлина «Үздік мектепке дейінгі білім беру педагогы» республикалық байқауында жоғары жетістікке жеткен мамандардың қатарында. Байқау жеңімпазы ретінде ол дамытушы ортаны қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құрал мен қалдықтарды қайта өңдеу бағдарламасының авторы. Оның кәсіби қызметі заманауи педагогке тән бірнеше маңызды құзыреттілікті – дамытушы кеңістіктік ортаны жобалау, авторлық әдістемелік материалдар әзірлеу және балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру дағдыларын – ұштастырады.Бұл – тәжірибе жасаудан, жұмыстың жаңа формаларын іздеуден қорықпайтын және шығармашылық арқылы балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейтін педагог.
Алматы педагогтерінің кәсіби шеберлігінің тағы бір маңызды бағыты –авторлық дамытушы бағдарламаларды әзірлеу. №187 балабақшаның тәрбиешісі Сепьям Алимовна «Мектепке дейінгі мекемелерге арналған үздік дамытушы бағдарлама» атты республикалық байқаудың жеңімпазы. Мұндай деңгейдегі байқаудағы жеңіс тәрбиешінің өзінің педагогикалық тәжірибесін жүйелей алатынын, білім беру қызметінің мазмұнын әзірлей алатынын және кәсіби ортаға практикалық әрі әдістемелік құндылығы бар нәтиже ұсына алатынын көрсетеді.
Мектепке дейінгі педагогтің кәсібилігінің негізгі сипаттарының бірі – инновацияларды енгізіп қана қоймай, балалардың бойында базалық адамгершілік, азаматтық және мәдени құндылықтарды сіңіре білу қабілеті.
№78 балабақшаның тәрбиешісі, педагог-модератор Назира Жуманова патриоттық тәрбие мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген алғыс хаттармен марапатталған. Оның кәсіби қызметі мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысының жүйелі процесті қажет ететінін көрсетеді. Бұл – педагогикалық әдептілікті, шығармашылықты және бала құндылықтармен формалды түрде танысып қана қоймай, олардың өз-ара әрекеттесуі, шығармашылық ізденістері және эмоциялық тәжірибесі арқылы белсенді түрде сезінетін жағдайлар жасай білуді талап ететін жұмыс. Ол – мамандыққа және балаларға деген сүйіспеншіліктің жоғары нәтижелерге жеткізетініне үлгі болатын педагог.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға айрықша кәсіби миссия жүктеледі. №2 арнайы балабақшаның педагог-сарапшысы, дефектолог-мұғалім Жібек Куракбаева ерте араласу бойынша пилоттық жобаларға белсенді қатысады. Оның қызметі қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды, өйткені баланың даму ерекшеліктерін ерте анықтау және уақытылы кәсіби көмек көрсету оның кейінгі әлеуметтену, білім алу және даму мүмкіндіктерін айқындайды. Жібек Куракбаеваның ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысы – арнайы білімге, әр баланың жеке даму траекториясын түсінуге негізделген кәсібиліктің, сабырлылықтың және ізгіліктің үлгісі.
№187 балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушысы Зере Қызырованың қызметі.- дене бітімін дамыту,мәдени тәрбие беру және дәстүрлерді сақтау істерінің сәтті үйлестірудің жарқын үлгісі.
Ол «Алаңдағы Бестемше» ұлттық ойыны бойынша қалалық және республикалық жарыстардың жеңімпазы. Оның кәсіби тәжірибесі ұлттық ойындарды заманауи тәрбие құралы ретінде қаншалықты тиімді пайдалануға болатынын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс белсенділігі, дәстүрлі мәдениет элементтері және жарыс түріндегі ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың бойында физикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар ұлттық мұраға деген қызығушылық пен өз халқының мәдениетіне деген қатыстылық сезімі қалыптасады. Зере Қызырованы спорт пен ұлттық дәстүрлер арқылы дені сау әрі отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеп жүрген үлгілі педагог
Бұл педагогтердің барлығы әртүрлі мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етеді, түрлі қызмет атқарады және педагогикалық қызметтің әртүрлі бағыттарын ұсынады. Бірі ұлттық спорт түрлерін дамытады, екіншісі авторлық бағдарламалар жасайды, үшіншісі жасанды интеллектіні енгізеді, төртіншісі түзету технологияларын жетілдіреді, ерте араласу жүйесінде жұмыс істейді, экологиялық мәдениетті қалыптастырады немесе инновациялық жобалар әзірлейді. Алайда оларды біріктіретін ең басты құндылық – кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі, даму ұмтылысы және заманауи педагогикалық идеяларды балалармен жұмыс істеудің нақты тәжірибесіне айналдыруға дайындық. Сондықтан мектепке дейінгі педагогтердің байқаулардағы жетістіктерін тек жеке жеңістер ретінде қарастыру маңызды емес. Бас жүлде, 2-ші және 3-ші орындар, республикалық және қалалық байқаулардағы жеңістер, авторлық бағдарламалар, жобалар мен әдістемелік әзірлемелер – қаланың мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тұтас кәсіби кемелділігінің көрсеткіштері. Әр жетістіктің артында педагогикалық тәжірибе, үздіксіз өзін-өзі жетілдіру, инновациялық шешімдерге ұмтылыс және балалармен күнделікті жұмыс тұр.
Алматының заманауи мектепке дейінгі ұйымының педагогі – ендігі кезекте дәстүрлі түсініктегі тәрбиеші ғана емес, ол білім беру ортасын жобалай алатын, өзінің әдістемелік өнімдерін жасайтын, цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін, инновацияларды енгізетін, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын және сонымен бірге ең басты құндылықты – баланың жеке тұлғасына құрметпен әрі ұқыпты қарым-қатынасты сақтайтын кәсіби маман.Дәл осындай мамандар мектепке дейінгі білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, қалалық білім беру жүйесінің одан әрі дамуына кәсіби негіз қалайды.«Бұл педагогтер – біздің мақтанышымыз. Олардың қажырлы еңбегі, өз ісінің шебері және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы Алматының білім беру саласындағы жетістіктері бүкіл елдің адами капиталын дамытудың іргетасы болатын қала ретінідегі мәртебесін сақтап қалуын қамтамсыз етеді», – деп қорытындылады Наталья Карасёва.
Алдағы Тамыз конференциясы күн сайын өзінің кәсібилігін тек байқау нәтижелерімен ғана емес, ең алдымен, атқаратын жұмысының сапасымен дәлелдеп жүрген педагогтерге арналады. Конференция білім беру саласын дамытудың жаңа бағдарларын айқындайтын, озық тәжірибелермен алмасатын және білім әлеміне жол ашатын тұлғалардың Алматы мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби еңбегін лайықты бағалайтын маңызды алаңға айналады.