AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Бикен Римова атындағы драма театры Алматы сахнасын...

Бикен Римова атындағы драма театры Алматы сахнасын махаббатқа бөледі

Мәдени Алматы Бүгін 09:25 103
Бикен Римова атындағы драма театры Алматы сахнасын махаббатқа бөледі
Суретті түсірген автор

Көрермен назарына сезім мен сырға толы қойылым ұсынылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бикен Римова атындағы академиялық драма театры гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы мегаполистегі Б.Омаров атындағы "Жас сахна" театрында көрермен назарына "Махаббат ол…" концерт-спектаклінің премьерасын ұсынды.

"Махаббат ол…" – жай ғана концерт немесе дәстүрлі драмалық спектакль емес. Бұл – ән мен театр өнері үндескен өзгеше сахналық туынды. Оның басты кейіпкері де, негізгі өзегі де – махаббат. Алайда мұнда махаббат тек ғашықтардың арасындағы сезіммен шектелмейді. Достыққа адалдық, отбасыға деген биік құрмет, ата мен немере арасындағы шексіз мейірім, сағыныш пен айырылысу, жақын адамды жоғалту, қамқорлық, түсіністік және адамгершілік, тіпті айтылмай қалған сөздер мен орындалмаған армандар көрініс табады.

Қойылымның негізгі идеясы – махаббатты әр адамның өзінше түсінетінін көрсету. Яғни, біреу үшін махаббат – сағыныш, біреу үшін – адалдық, енді біреу үшін – қамқорлық пен жауапкершілік.

“Бұл спектакльдің ең қызықты тұсы – ол дайын драмалық шығарма емес, актерлердің өз өмірінен алынған шынайы оқиғалардың жиынтығы. Яғни біз, әрқайсысымыз өз ішімізде жүрген ой, арман, мақсатымызды, қуанышымызды, сезімімізді, жанымызды мазалап жүрген мұң, нала, өкпемізді, жауабын таба алмай жүрген сұрақтарымызды да қағазға түсірдік. Осынау өмірден алынған шынайы оқиғалардың бәрінің басын құрағанда бүгінгі дүниеміз шыға келді. Тақырыбын таңдау өте қиын болды. Дегенмен ең сәтті тақырып таңдалды деп ойлаймыз. Бұл музыкалық спектакльден әркім өзінің басынан өткен немесе жақынының оқиғасын көруі мүмкін. Себебі, бәрі күнделікті өмірден, бәріміздің тыныс-тіршілігімізден алынған шынайы көріністер”, - дейді Б.Римова атындағы академиялық драма театрының жас актері Мейіржан Нұров.

Қойылымда актерлердің монологтары, ән мен музыкалық шығармалар, хореографиялық қойылымдар, театрландырылған көріністер өзара үйлесім тауып, әрқайсысындағы оқиғалар бірінен кейін бірін іліп әкетіп, махаббатты әр қырын ашады.

"Махаббат ол…" спектакль-концертінде "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Жасұлан Көпберген, сондай-ақ Шәміл Айтмұхан, Айзада Байғабыл, Аслан Бектенов, Наргиз Айшуақова, Мейіржан Нұров, Арнат Қазыкен, Салтанат Жақанша, Толғанай Ізтілеуова, Дарын Нұрсадық, Батыржан Медет, Мадина Сағымбай, Аслан Жапарқұлов, Алмас Мұратұлы сынды артистер өнер көрсетті.

“Меніңше, бұл қойылымның басты құндылығы – махаббат ұғымының кеңірек ашылуында. Өйткені адам өмірінде махаббат тек сүйікті адамыңа деген сезіммен шектелмейді. Ол – ата-ананың балаға деген мейірімі, достың адалдығы, отбасының ынтымағы, жақындарыңды бағалау, олардың қадірін түсіну. Спектакль көрерменге дайын жауап бермейді. Керісінше, әр адамды өз өміріне, өткеніне, жақындарының ішкі дүниесіне үңілуге шақырады”, - дейді студент-көрермен Айсұлу Керімбек.

Сезім мен сырға толы қойылымның шығармашылық тобында бірнеше адамның еңбегі жатыр. Яғни, идея авторы – Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Ерлік Жуасбек, режиссер – Бәзіл Сұлтанғазы, композитор – Сұлтан Тұрсынбеков, хореограф – Айжан Құнанбаева, қоюшы-суретші – Сырым Орманбаев, жарық қоюшы – Еламан Ахметов, редактор – Айғаным Айтмұхан, арт-менеджер – Айдана Сембекова.

Иә, махаббаттың мекені – жүрек. Ал оның сахнадағы бір көрінісі – "Махаббат ол…"

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);