Қазақстанның бірнеше өңірінде маңызды жол құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында Түрікменстан шекарасы мен Жаңаөзенді байланыстыратын 50 шақырымдық халықаралық автожол салынуда. Жоба аяқталғанда жол жүру уақыты 7 сағаттан 2 сағатқа қысқарады. Сондай-ақ үш ел арасындағы транзиттік әлеует артады.
Қатонқарағайда Қазақстандағы ең биік көпірлердің бірінің негізгі аралығы орнатылды. Жаңа көпір жергілікті тұрғындар мен туристердің қатынасын жеңілдетпек.
Қостанай облысында 56,7 шақырым жол жаңартылып жатыр. Жол төсемі терең өңделіп, жаңа асфальтбетон төселеді.