Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 32%-ға өсті

Бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 32%-ға өсті

Экономика 20.09.2022, 05:01 1,426
Бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 32%-ға өсті
Сурет: Kapital.kz

Экспорт көлемі 3%-ға өскен.


Бір айда бидай мен меслиннің экспорттық бағасы 10%-ға және бір жылда 32%-ға өсті. Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға және құндық мәнде бірден 40%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сілтеме жасап.


Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд АҚШ долларына 3,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. Заттай көріністе өсім 3,2%-ды, ал ақшалай көріністе 40,4%-ды құрады.


ТМД елдеріне 2,3 млн тонна өнім жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3%-ға артық. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды.


ТМД құрамына кірмейтін өзге елдерге 1 млн тонна бидай жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Мәселен, Иранға 458,9 мың тонна өнім жіберілді, мұндағы жылдық өсім 34,2%-ды құрады. Топ-3 елдің қатарына Ауғанстан (267,3 мың тонна) және Италия (151,2 мың тонна) да кірді.


2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша бидай мен меслинге экспорттық жеткізілімдердің бағасы бір айда 10,1%-ға, жыл басынан бастап 14,5%-ға және бір жылда 32,1%-ға өсті.


Оның ішінде ТМД елдері үшін айлық динамикадағы бағалар 11%-ға, қалған елдер үшін 8,4%-ға өсті. Жылдық динамикада ТМД елдері үшін бағаның өсуі 35,4%-ды, қалған елдер үшін 23%-ды құрады.


Үстіміздегі жылы бидайға арналған егіс алаңы 12,9 млн гектарды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,2%-ға артық.


Қазақстанда астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр, астық арзандап барады, деп хабарлайды Хабар24. Шілдеде 180 мың теңге шамасында болған бидайдың тоннасы базарда 130-135 мың теңгеден сатылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бидай #экспорт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика