AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге...

Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді

Әлеумет 02.02.2023, 14:30 1,153
Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді
Сурет: Ашық дереккөз

Қоршауға ілініп қалған қыз балконнан құлап түскен


Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қызметтік тұрғын үй кілтін табыстады.


Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген. Еске салайық, оқиға 7 қаңтарда болған. Қоршауға ілініп қалған қыз балконнан құлап түскен. Бұл туралы қалалық ЖБО-ға өтіп бара жатқан адамдар таңғы сағат 5:30-да хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, жағдайды бағалап, қызды құтқару үшін барлық шараларды қабылдаған.



«Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алмат Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі.



Әзірге полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Құтқару кезінде ол аяғын жарақаттап алған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтер #полиция #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

900 млрд теңгеге жуық инвестиция: Алматының қонақ үй нарығы қарқынды дамып келеді

Бүгін 12:17

Түркі әлемі ғалымдары Алматыда бас қосады

Бүгін 12:15

Сапа стандарттан басталады: Алматыда тұтынушыларды қорғаудағы стандарттау мен метрологияның рөлі талқыланды

Бүгін 12:06

Алматы әкімдігі алданған жүздеген үлескердің қаражатын қайтаруға көмектесті

Бүгін 11:34

"Болашақ" бағдарламасына қатысты маңызды ақпарат жарияланды

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);