AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бес мыңнан астам қазақстандық ұстаз мұғалімдер бай...

Бес мыңнан астам қазақстандық ұстаз мұғалімдер байқауына қатысуға ниетті

Әлеумет 26.09.2022, 09:33 1,503
Бес мыңнан астам қазақстандық ұстаз мұғалімдер байқауына қатысуға ниетті
Сурет: Almaty.tv

5,5 мыңға жуық өтінім қабылданды.


«Үздік педагог-2022» байқауына қатысуға еліміздің әр өңірінен 5 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім жолдады. Бүгінгі таңда ең белсенді қатысушылар Алматы мен Ақмола облысынан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Биыл өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылып, ашық өтіп жатқанын айта кетейік. Барлық кезеңді цифрландырудың арқасында байқауға деген сенім артып, өтінімдер саны рекордтық көрсеткішке жетті.


Конкурсқа балабақша, мектеп пен колледждің штатында жұмыс істейтін педагогтер қатысып жатыр. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден иеленген болатын.



«Бүгінгі таңда https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында байқаудың бірінші және екінші кезеңіне қатысу үшін 5,5 мыңға жуық мұғалім тіркелді. Екінші, яғни облыстық кезеңге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ол 30 қыркүйекте аяқталады. Биыл байқауға қатысатын әр мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын бақылай алады, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады. Бұл тәсіл барлық кезеңде байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен қатар төсбелгілерге де ие болады.


https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталы арқылы өтінім беруден бастап конкурс құжаттарын жүктеуге және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.


Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Қазақстан #Ұстаз #конкурс #педагог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);